«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Түркістан филиалының Қазалы станциясындағы атқыштар командасының бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Күзетшілердің жұмыс уақытын ұтымды пайдалану, тәуліктік ведомостар мен маршруттық парақтарды және ай сайынғы жұмыс уақытын есепке алу табелін есепке алу мен талдауды жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және бақылау;
- атқыштар командасының қызметін басқару және бақылау;
- атқыштар командасының жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- атқыштар командасының тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарларын құруды қамтамасыз ету, олардың орындалуын бақылау;
- күзет қызметін ұйымдастыру және оларды іске асыру жөніндегі жұмысты жоспарлауды қамтамасыз ету;
- күзет қызметі бойынша есептерді, ақпараттарды уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;
- топ қызметінің бағыттары бойынша серіктестік басшылығының, филиал басшылығының бұйрықтарының, өкімдерінің, серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
- күзет қызметтері көлемінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу, күзет сағаттары көлемінің орындалуы бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын бақылау (тәуліктік ведомостар мен маршруттық парақтар негізінде) және олар бойынша талдау жүргізу;
- күзетілетін жүктерді қарауыл қызметін ұйымдастыру және сапалы атқару және сүйемелдеу деңгейіне бақылауды жүзеге асыру;
- қызметті ұйымдастыру, ұрлықты есепке алу және тергеп-тексеру, олар бойынша есептілікті уақтылы ұсыну мәселелері бойынша құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;
- лицензиялық-рұқсат беру жұмысын ұйымдастыру мен есепке алуды бақылауды жүзеге асыру, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді есепке алу, сақтау, қабылдау, беру жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары кәсіби
- Мамандығы: Құқықтану; Құқықтану; әскери іс және қауіпсіздік; құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану. Әскери басқару; көлікте тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша);темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша немесе теміржол көлігінде күзет қызметін ұйымдастыру қызметінде кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)