«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Шоқпар жол дистанциясының Өндірістік-техникалық бөлімнің жетекші инженері (жолдары)

335350 - 350410
Шокпарская дистанция пути Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
112

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • 6-нысан бойынша статикалық есептілікті жүргізеді;
  • Бір айға және мереке күндеріне басшылардың кезекшілік кестесін жасайды;
  • ПУ-5, ПУ-6, ПУ-2 шпалдық, бағыттамалық, рельстік кітаптардың жүргізілуін бақылайды. учаскелерде;
  • ТЭР шығын нормаларын бақылайды;
  • негізгі құралдардың техникалық сипаттамасын толтырады және негізгі құралдарды түгендеуге қатысады;
  • жылжымайтын мүлік объектілері мен жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарды дайындау жөніндегі жұмысқа қатысады;
  • негізгі қорлар мен РШБК бағдарламалау жүйесі бойынша қажетті құжаттама мен есептілікті жүргізеді;
  • жолды техникалық паспорттау бойынша қажетті құжаттаманы, кестені жасайды.АГО-1, АГО-3, АГУ-4 жиынтық кестелері және паспорт нысандары;
  • өткелдердің профилактикалық жұмыстарын жүргізу туралы есептілікті жүргізеді;
  • Локомотив сағаты бойынша есеп жүргізеді;
  • пойыздардың кешігуі туралы есеп жүргізеді;
  • жолдар мен құрылыстарды көктемгі және күзгі комиссиялық тексеруге қатысады;
  • келесі жылға арналған ТЭР есебін жасайды.

Біліктілік талаптары:
  • Білімі: Жоғары
  • Мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көлік, көлік техникасы және технологиялары( көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары); тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
  • Жұмыс тәжірибесі: теміржол көлігі ұйымдарындағы тиісті шаруашылықтың бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)