«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Павлодар көлік оқу орталығы» филиалының өндірістік оқыту шебері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Оқу орталығының күндізгі және қашықтықтан оқыту үшін оқу процесінің кестесін әзірлейді;
- оқу орталығының күндізгі және қашықтықтан оқыту үшін жылдық сағаттық жүктемесі туралы анықтама жасайды; оқу орталығының күндізгі және қашықтықтан оқытуға арналған өндірістік бағдарламасын әзірлейді;
- оқу процесінің кестесіне сәйкес тыңдаушыларды қабылдау жоспарының орындалуын бақылайды және жауапты болады;
- жабдықты және сабаққа тиісті материалды бақылайды, материалдық базаны жетілдіреді;
- біліктілік емтихандарын ұйымдастыру үшін қажетті құжаттаманы жасайды; топ кураторларымен бірлесіп кіру және аралық тестілеудің өткізілуін, сондай-ақ тыңдаушылардың ағымдағы үлгерімі мен сабаққа қатысуы бойынша ай сайынғы мониторингін ұйымдастырады және бақылайды;
- оқу құжаттамасын (емтихан ведомостарын, қорытынды тестілеу ведомостарын, емтихан билеттерін, жиынтық ведомостарды, хаттамаларды) ресімдейді және оқытушылардың топтардың журналдарын толтыруын бақылайды; оқу процесінің кестесіне сәйкес апталық сабақ кестесін жасайды;
- оқу орталығының өндірістік бағдарламасының орындалуы бойынша есептер дайындайды;
- "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" және "ҚТЖ "ҰК"АҚ Өзге де құрылымдық бөлімшелерінің сұрауы бойынша қажетті ақпаратты дайындайды;
- оқу орталығының тыңдаушыларының оқу сабақтарына қатысуын бақылауды және мониторингті жүзеге асырады;
- бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес тыңдаушылардың жұмыс табельдерін толтыру және тыңдаушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімінің оқу журналдарының толтырылуын тексеру жұмыстарын жүргізеді.
- Білімі: жоғары, техникалық немесе кәсіптік;
- Мамандығы: теміржол мамандықтары, экономика, менеджмент, психология, әлеуметтану, педагогикалық мамандықтар (жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар), Құқықтану, техникалық мамандықтар;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша міндетті түрде кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы