Баспасөз қызметінің басшысы

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
34

Қаралған саны:
1042

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білімі: 

  • Жоғары гуманитарлық және/немесе техникалық білім. 
  • Лауазымның тиісті саласы/ менеджмент/ экономика/ қаржы/ басқа бойынша магистр дәрежесінің болуы (болғаны жақсы)

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Кемінде 6 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде қоғаммен байланыс (PR)/ журналистика/ маркетинг саласында кемінде 4 жыл

Басқарушылық тәжірибесі:

  • Кемінде 5 жыл

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар: 

  • Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу (жазбаша және ауызша).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қоғаммен байланыс саласында (PR);
  • Журналистика саласында, соның ішінде отандық және шетелдік журналистика туралы іс жүзіндегі білімдер;
  • Корпоративтік менеджмент негіздері саласында;
  • "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", "Жарнама туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасы саласында;
  • ҚР мұнай-газ саласын дамытудың негізгі тенденциясы салаларында;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
  • Еңбек заңнамасы саласында;
  • ҚМГ тәуекелдерді басқару жүйесі мен ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Сапа менеджментінің интеграцияланған жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орнықты даму, ақпараттық қауіпсіздік  саласында;
  • Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу (жазбаша және ауызша).

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Баспасөз релиздерін, мақалалар, сұхбаттар жазу дағдылары;
  • Сөз сөйлеу, үндеулер мәтіндерін жазу дағдылары;
  • Қоғам өкілдерімен, журналистермен қарым-қатынас дағдылары
  • Шығармашылық ұжымды басқару, топтық жұмысты құру, өкілдік ету дағдылары;
  • PR негізгі құралдары мен технологияларын қолдану, PR-іс-шараларын өткізу дағдылары;
  • Іс қағаздарын жүргізу, сатып алу қызметі дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • Имидждік және PR мәселелері бойынша, сондай-ақ БАҚ-пен жұмыс бойынша ұсыныстар әзірлейді
  • БАҚ өкілдері үшін іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді бақылайды (баспасөз конференциялар, брифингтер, семинарлар, баспасөз турлары және басқа)
  • ҚМГ беделін нығайтуға оң әсер ететін имидждік және талдамалық мақалалардың дайындалуын бақылайды, сондай-ақ оларды республикалық және танымал БАҚ-та орналастыруды қамтамасыз етеді
  • ҚМГ қызметі туралы баспасөз релиздері мен ақпараттық хабарламаларды дайындауды үйлестіреді, келіседі және БАҚ-да таратуды бақылайды
  • БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жағымсыз материалдарды жариялауға байланысты беделдік тәуекелдерді бейтараптандыру бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді
  • Республикалық және өңірлік БАҚ басшыларымен тұрақты байланыстарта болады
  • «Munaily meken» корпоративтік басылымын дайындауды, редакциялауды, үйлестіруді және таратуды бақылайды
  • Әлеуметтік желілерде ҚМГ имидждік және ақпараттық сүйемелдеу бойынша жұмыстарды бақылауды жүзеге асырады
  • "Самұрық-Қазына" АҚ, ҚМГ ЕТҰ, жергілікті және республикалық мемлекеттік басқару органдарының және басқа да мүдделі тараптардың баспасөз қызметтерімен ақпараттық саясат мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды
  • ҚМГ басшылығының сөз сөйлеу мәтіндерін дайындауды үйлестіреді және келіседі
  • Баспасөз қызметінің мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін ҚМГ басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр