Бақылау-ұйымдастыру жұмысы және сыртқы байланыстар департаментінің әкімшілік жұмыс басқармасының жетекші маманы
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Талаптар:
Білімі:
- Жоғары техникалық / экономикалық / заңгерлі кбілімі, тиісті лауазым бейіні/менеджмент/экономика/қаржы/МВА/ бойынша магистр дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше)
Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:
- Кемінде 4 жыл
Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):
- Кемінде 4 жыл
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
- Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнамасы;
- Бюджеттік жоспарлау және кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін талдау қағидаларын бекіту туралы;
- Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы заңнамасы;
- Корпоративтік басқару;
- Сапа менеджментінің интеграцияланған жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы білім
- Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесінің салалары.
- Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
- ҚМГ тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
- Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу;
- Мемлекеттік тілді білуі (ауызша және жазбаша).
- Қазақстан Республикасының құрылыстағы, ғимараттарды ұстаудағы, коммуналдық шаруашылықтағы және тұрғын үй қатынастарындағы заңнамасы мен нормативтік құжаттамалары;
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін нормалау, бюджеттік жоспарлау және талдау;
- Ресми (іскерлік) хат алмасу;
- Ғимараттар мен құрылыстарға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- Ақпаратты жинау, талдау және жүйелеу;
- Негізгі және қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды, деректер базасын пайдалана отырып жүргізілетін жұмыстар.
Осы лауазымның функционалдық міндеттері:
- Астана қаласында күрделі\ағымдағы құрылыс, реконструкциялау және кеңейту, сондай-ақ өндірістік емес және әкімшілік мақсаттағы объектілерді күрделі жөндеу бағдарламаларын жасау және орындау;
- Бағалар мониторингін жүргізу, ҚМГ бюджеті мен жылдық сатып алу жоспарының жобаларына өтінімдер мен техникалық ерекшеліктер жасау, сатып алу рәсімдеріне қатысу және шарттардың жобаларын әзірлеу, ҚМГ объектілерін күрделі/ағымдағы салу/жөндеу және ҚМГ ғимараттарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламаларын орындау үшін жасалған шарттар бойынша орындау және есеп беру;
- ҚМГ мүдделерінде ҚМГ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін ҚМГ мүлкін есепке алуды, оның сақталуын қамтамасыз етуді, есептен шығаруды, түгендеуді жүргізуге қатысуды қамтитын өндірістік емес және әлеуметтік мақсаттағы ҚМГ жылжымайтын мүлік объектілері, өндірістік емес мақсаттағы объектілердің тауарлық-материалдық құндылықтар тобы бойынша материалдық жауапкершілік жөніндегі міндеттемелерді орындайды;
- ҚМГ қызметкерлерінің тіршілік әрекетінің оңтайлы жағдайларын, ҚМГ үшін архивтермен және өзге де үй-жайлармен қамтамасыз ету үшін ҚМГ әкімшілік ғимаратында қызметкерлерді орналастыру бойынша мониторингті, ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- ҚМГ жылжымайтын мүлік объектілерінің тіркелуіне бақылауды жүзеге асырады, Астана қаласындағы ҚМГ объектілеріне техникалық паспорттарды жаңартуды және тіркеуді жүргізеді, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорындағы қате жазбаларға түзетулер енгізед;
- Архив орталығына кешенді қызмет көрсетуді (клининг, инженерлік жүйелерге техникалық қызмет көрсету, коммуналдық қызметтер) қоса алғанда, сенімгерлік басқару шарты шеңберінде Астана қаласындағы Қабанбай батыр даңғылы, 19 бойынша ғимаратқа жетекшілік еткені үшін дербес жауапты болады;
- Іске асырылуы тәуекелдің басталуына әкелуі мүмкін тәуекел факторларын басқарады. Алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді уақтылы анықтайды, талдайды және бағалайды; тәуекелдерді/тәуекел факторларын төмендету жөніндегі іс-шараларды уақтылы әзірлеуді және орындауды қамтамасыз етеді; жауапты бөлімшені (ТБжІБҚ), өзінің тікелей басшысын ықтимал шығындарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін кез келген қателер/ кемшіліктер туралы, ықтимал және іске асырылған тәуекел оқиғалары туралы ішкі құжаттарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде уақтылы хабардар етеді.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр