"Қазтеміртранс" АҚ Алматы филиалының жетекші инженері (мемлекеттік тіл, іс жүргізу)

от 306810
АО "Қазтеміртранс" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
412

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Жеке құрам юойынша бұйрықтар дайындайды;
  • Еңбек заңнамасына, нормативтік құқықтық актілерге және филиал басшысының бұйрықтарына сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды, жұмыстан босатуды ресімдейді;
  • Қызметкерлерге демалыс берудің есебін жүргізеді, кезекті еңбек демалысы кестелерінің дайындалуын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады, филиал қызметкерлеріне жыл сайынғы еңбек демалысын ресімдеуге бұйрықтар дайындайды;
  • Қызметкерлердің жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді, оларға еңбек қызметіне қатысты өзгерістер енгізеді;
  • enbek.kz сайтына жұмысшылардың еңбек кітапшаларының дұрыс толтырылуы мен жазылуын есепке алуды жүргізеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Мамандығы: Экономика; Менеджмент; Психология; Филология; әлеуметтану; педагогикалық мамандықтар (жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар); теміржол мамандықтары; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; Құқықтану; Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.

Қосымша талаптар:

  • Міндетті: SAP, Favorit жүйелері негізіндегі персоналды басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде, Enbek.kz порталында жұмыс істеу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы