Лауазымдық жауапкершілік:
3-разрядты аппаратшы істей алуы тиіс:
- біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен өнімді шаймалау, үгіттеу, еріту, тұндыру, ыдырату, сүзу, булау, сарқынды және шайынды сулар мен ерітінділерді залалсыздандыру және бейтараптандыру, ерітінділерді металдар мен қоспалардан тазарту процестерін жүргізу;
- шламдарды, қойыртпақты, гидраттарды, гидроксиді, карбонаттарды және басқа өнімдерді қоюлату және жуу процестерін жүргізу;
- реагенттер мен ерітінділерді аппаратураға тиеу, олардың біркелкі таралуын және деңгейін бақылау;
Білім:
3 разряд үшін - жалпы орта білімнен төмен емес.
4-6-разряд үшін – жалпы орта және кәсіптік даярлықтан төмен емес
Дағдылар:
3-разрядты аппаратшы білуі тиіс:
- қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы туралы негізгі ұғымдар, аппараттардың басқа технологиялық агрегаттармен және учаскелермен өзара байланысы, технологиялық процесс және оны жүргізу қағидалары, химиялық бақылау жоспары, қолданылатын сілтілердің, қышқылдардың, ерітінділердің, реагенттердің, пульпаның, шламдардың және басқа да материалдар мен өнімдердің құрамы мен негізгі қасиеттері;
- қондырғыларды тиеу және түсіру кестесі, бу, газ, коагулянттар және басқа материалдардың шығынын азайту нормалары мен тәсілдері;
- қойыртпақтың, ерітінділердің концентрациясын, температурасын, үлес салмағын анықтау ережелері мен тәсілдері;
- шихта, реагенттер, опектер, шламдар, тазартылған ерітінділер сапасына қойылатын талаптар мен техникалық шарттар;
- реагенттердің мөлшерлеме тәсілдерін;
- электр қозғалтқыштарға шекті жүктемелерін;
- ең көп таралған құрылғылардың, бақылау-өлшеу және жұмыс құралдарының, жүк көтергіш механизмдердің мақсаты, қолдану ережелері және құрылысы;
- химия, физика негіздерін.
Қосымша:
-Білетін тілдер:
-