Байланыс және брендті жылжыту департаментінің менеджері

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
234

   Конкурс туралы
Міндеттері:
  • Департаменттің барлық жобалары мен іс-шараларына құқықтық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;
  • Департамент қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау;
  • Департамент қызметіне байланысты шарттарды, келісімдерді және өзге де заңдық маңызы бар құжаттарды дайындау және құқықтық сараптау;
  • Департамент қызметкерлеріне ақпараттық саясат және БАҚ-пен жұмыс мәселелерін қоса алғанда, құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру; 
  • департаменттің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысу; 
  • Департамент қызметі барысында туындайтын мәселелер бойынша құқықтық қорытындылар мен ұсынымдар дайындау;
  • Департамент қызметіне қатысты заң мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Қоғамның қызметіне қатысты заң мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың сауалдарына жауап дайындау; 
  • баспасөз конференцияларын, брифингтерді және PR-іс-шараларды қоса алғанда, Департаменттің іс-шараларын құқықтық тұрғыдан дайындауға және өткізуге қатысу; 
  • шарттарды әзірлеу мен келісуді және олардың орындалуын бақылауды қоса алғанда, өнім берушілермен және мердігерлермен өзара іс-қимылды заңдық сүйемелдеуді қамтамасыз ету; 
  • Департамент қызметіне байланысты құқықтық тәуекелдерді талдау және бағалау және оларды барынша азайту жөніндегі шараларды әзірлеу; 
  • құқықтық тұрғыдан бұқаралық ақпарат құралдары үшін Қоғам қызметі туралы ақпараттық материалдарды әзірлеуге және келісуге қатысу; 
  • компанияның топ-менеджментімен онлайн-конференцияларды дайындау және өткізу кезінде құқықтық қолдауды қамтамасыз ету.
Талаптар:
  • маркетинг, бизнес-менеджмент немесе сабақтас пәндер бойынша жоғары білім;
  • мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл.