Бухгалтерлік есеп бөлімінің бас сарапшысы УАҚЫТША

KMG Drilling and services ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
375

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • Серіктестіктің қаржылық есебін қалыптастыру;
  • есепке алу жүйелерінен деректерді автоматты түрде интеграциялау және түсіру процесін талдауды ұйымдастыру және уақтылы жүзеге асыру;
  • шоттардың жұмыс жоспарын (ШЖЖ олардың позициялардың бірыңғай каталогына (ПБК) сәйкестігі мәніне талдауды ұйымдастыру және уақтылы жүзеге асыру;
  • "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ қаржылық есептілік пакетін дайындау;
  • SAP модуліне Серіктестіктің қаржылық есебін енгізу;
  • аудит мақсаттары үшін қаржылық есептілікті және оның мағынасын ашуды дайындау;
  • Серіктестіктің қаржылық есептілігіне аудит жүргізу бойынша аудиторлық компаниямен жұмысты үйлестіру;
  • Серіктестіктің қаржылық есептілігін дайындау мәселелері бойынша, оның ішінде жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізу кезінде серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • жұмыс уақытын есепке алу табельдерін қабылдауды, талдауды және бақылауды жүзеге асыру және оларды есептік өңдеуге дайындау;
  • Серіктестіктің штаттық қызметкерлеріне жалақы есептеуді, оның ішінде еңбекке жарамсыздық парақтарын, еңбек демалыстарын, материалдық көмекті есептеуді жүзеге асыру;
  • Серіктестік қызметкерлерінен жеке табыс салығын, зейнетақы аударымдарын ұстап қалудың дұрыстығына, сондай-ақ әлеуметтік салықты және әлеуметтік аударымдарды есептеуге бақылауды жүзеге асыру;
  • Серіктестік қызметкерлеріне жалақы төлеуге ведомость, сондай-ақ бюджетке ақы төлеу үшін жалақыдан ұсталатын міндетті төлемдер мен аударымдар бойынша деректер беру;
  • Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі заңнамада белгіленген мерзімде тиісті органдарға бекіткен нысандарға сәйкес Серіктестіктің толық және дұрыс статистикалық есептілігін қалыптастыруды және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;
  • бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды және бақылауды жүзеге асыру және оларды есептік өңдеуге дайындау;
  • тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі құжаттаманы ресімдеу;
  • бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операцияларды, кірістер мен шығыстарды қалыптастыруды, бухгалтерлік есептің тиісті учаскесінде міндеттемелердің орындалуын уақтылы көрсету;
  • Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарын қалыптастыруға қатысу;
  • құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын және Серіктестіктің нормативтік құжаттарын уақтылы қадағалау;
  • Серіктестікте төлемдерді жүзеге асыру;
  • Қаржылық кіріс алу мақсатында Серіктестіктің уақытша бос қаражатын орналастыру;
  • бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды және бақылауды жүзеге асыру және оларды есептік өңдеуге дайындау;
  • контрагенттермен салыстырып тексеруді жүзеге асыру және бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу шоттарында көрсету;
  • Серіктестіктің қаржылық есептілігіне аудит жүргізу бойынша аудиторлық компаниялармен жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру;
  • Серіктестіктің алдына қойылған міндеттерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Бас директордың, Серіктестіктің жетекшілік ететін басшысының және бас бухгалтердің тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру;
  • өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қағидалар мен нұсқаулықтарды бұзу қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін, алкогольдік немесе есірткі қолданып масаң күйде жұмысқа кіріспеу жағдайлары туралы жұмысты тоқтата тұру және жоғары тұрған басшылыққа баяндау;

Білімі: жоғары кәсіби (қаржылық, экономикалық)

 

Мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі (жылдармен): мамандығы бойынша кемінде 5 жыл.

 

 

Тілдерді білуі

 

·  мемлекеттік тіл;

·  орыс тілі;

·  ағылшын тілін білгені құптарлық.

Заңнамалық және нормативтік актілерді білу

 

·  "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" ҚР Заңы;

·  Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

·  ҚР Азаматтық құқық, қаржы, салық, әкімшілік-шаруашылық заңнамасы;

·  Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары,

Кәсіби сертификаттау

·       кәсіби бухгалтер сертификаты

·       АССА ДипИФР сертификаты

Жұмысқа қажетті техникалық және ұйымдастырушылық дағдылар

·       Кеңсе бағдарламаларын білу (Microsoft Office);

·       Есептік бағдарламаларды білу (1С, SAP FC, СИКФО)

·       Стратегиялық жоспарлау, жобаларды басқару, адамдар мен ресурстарды басқару және шешім қабылдау;

·       Басқаларға тапсырмаларды орындауды ұйымдастыру және тапсыру, адамдарды ынталандыру және дамыту қабілеті.

Қажетті қабілеттер

  • • сертификат профессионального бухгалтера • сертификат ДипИФР АССА

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп