"KEGOC" АҚ "Оңтүстік ЖЭТ" филиалы АҚ ж ТЖ, жұмылдыру және арнайы жұмыстар жөніндегі жетекші маманы Шымкент қ.
290600 - 320000 KZT
«KEGOC» АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Білім деңгейі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Білім беру профилі: Электр энергетикасы / Бизнес және басқару / Құқық
Кәсіби тәжірибесі: Азаматтық қорғаныс, ТЖ, жұмылдыру дайындығы, жабық мәліметтерге рұқсат беру және Мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесінде
Еңбек өтілі: кемінде 4 жыл
Білуі керек:
- Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін, жасырын, құпия және құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыруды, компанияның жарлық құжаттарын және салалық ережелерді, нормаларды, өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті көлемдегі талаптарды білу;
- «Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР Заңы;
- «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңы;
- «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» ҚР Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» ҚР Заңы;
- Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, әскери міндеттілер мен мерзімді әскери шақырылушыларды әскери есепке алу, жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Үкімет қаулылары, бұйрықтары және басқа да нормативтік актілері.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Азаматтық қорғаныс, ТЖ, жұмылдыру дайындығы, Мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесінде теориялық және практикалық дайындығы болуы тиіс;
- кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).
ДК-мен жұмыс істеудің қажетті дағдылары: компьютер мен MS Office / Word, Excel, SAP және MetaDoc-тың тәжірибелі қолданушысы.
Тілдерді меңгеру: қазақ, орыс
Қосымша: іс-сапарларға дайындығы
Негізгі лауазымдық міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес ОЖЭТФ-да қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру кезінде құпиялылық режімін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жоспарлайды және ұйымдастырады;
- «KEGOC» АҚ атқарушы дирекциясы үшін «ҚБП», «құпия» грифімен құпиялылық режимін және құпия іс жүргізуді қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы жылдық есептерді жасайды;
- Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген ережелер мен нысандар бойынша филиалдың барлық әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларының есебін жүргізеді;
- Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша іс-шаралардың орындалуын жоспарлау және ұйымдастыру, есеп жасау;
- басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерінің дайындығына тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді;
- азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қажеттіліктері үшін алынған техниканың, түгендеу және жеке қорғану құралдарының есебін жүргізеді;
- Азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, әскери есепке алу және броньдау мәселелері бойынша хаттар, қызметтік жазбалар, өкімдер мен бұйрықтар дайындайды;
- Жетекшілік ететін аналитикалық есеп кодтары бойынша бюджеттің атқарылуын бақылауды жүзеге асырады, филиал персоналына жеке қорғау құралдарын сатып алу үшін өтінімдер рәсімдейді;
- филиалдың мөрлері мен мөртаңбаларының есебін жүргізеді;
- жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шаралардың орындалуын жоспарлау және ұйымдастыру, әскери қызметке міндетті қызметкерлерді филиалға броньдау жұмыстарын жүргізу, есеп жасау.
Жұмыс орны: Шымкент қаласы, Б. Момышұлы көшесі 27.
Түйіндемені қабылдау мерзімі 2024 жылдың 19 қыркүйегін қоса алғанға дейін.
Қажетті қабілеттер
- Знание гражданской обороны и чс
- Контроль за соблюдением правил работы и хранения документов с грифом "ДСП" и "Секретно"
- - опыт работы в сфере мобилизационной подготовки воинского и специального учета
- Работа с секретной документацией
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)