«Сатып алуды басқару» департаментінің бас менеджері

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
47

Қаралған саны:
606

   Конкурс туралы
Функционалдық міндеттері:

1) Техникалық ерекшеліктерді (бұдан әрі – ТЕ) келіседі;

2) қолжетімді ішкі және сыртқы ақпарат көздерінен нарыққа маркетингтік зерттеу (ТЖҚ, өнім берушілер (тәжірибе, талаптар), өндірушілер, дилерлер, дистрибьютерлер нарығын талдау) жүргізеді;

3) тауарларға бағаны айқындау әдістемесін таңдайды және өнім берушілерді, өндірушілерді, дилерлерді іздейді;

4) коммерциялық ұсыныстар алуға сұрау арқылы әлеуетті өнім берушілермен өзара іс-қимыл жасайды;

5) коммерциялық ұсынысты алу бойынша әлеуетті өнім берушілермен келіссөздер, жеткізу шарттарын жасайды;

6) өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстарын алуға сұрау салуларды қалыптастырады және жібереді;

7) ТЕ сәйкестігі тұрғысынан коммерциялық ұсыныстарға сараптама жүргізеді;

8) алдыңғы кезеңдердегі ұқсас сатып алулардың құнын талдайды;

9) бюджетті және шығындардың негізділігін қалыптастыру үшін Қоғамдағы ТЖҚ бағасына маркетингтік зерттеу жүргізу қағидалары негізінде құнды қалыптастыру хаттамасын жасайды;

10) ЕТҰ мүлкін сатуға маркетингтік зерттеу жүргізу саласында ЕТҰ-ның ішкі нормативтік құжаттарын өзектендіру бойынша сараптама және ұсынымдар дайындайды;

11) ЕТҰ басшылары мен қызметкерлерінің маркетинг, ЕТҰ мүлкін сату бөлігінде лауазымдық нұсқаулықтарын келіседі;

12) барлық ЕТҰ-ны келісу шеңберінде ЖСЖ / ЖСЖ-ны талдау кезінде ТЖҚ тізбесін айқындайды;

13) ЕТҰ маркетингтік зерттеу және қоймалық басқару саласында ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және енгізуге қатысады;

14) Қоғамның баға маркетингі мәселелері жөніндегі қызметін жоспарлау және бағалау комитетінің отырысы алдында ЕТҰ-ның растайтын құжаттарына талдау жасайды; ТЖҚ-ның тәуелсіз маркетингтік зерттеулерін жүзеге асырады;

15) Қоғам компанияларының сатып алуларындағы елішілік құндылық үлесі бойынша деректерге талдау жасайды;

16) жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес шарттардың, төлем шоттарының, ЕЖҚ бойынша есептіліктің жобаларын келіседі;

17) сатып алудағы елішілік құндылық үлесі бойынша өнім берушілердің есептерін тексереді;

18) ТЖҚ позицияларын іріктеуді, растайтын құжаттарды тексеру, ТЖҚ тәуелсіз маркетингтік зерттеулерін жүзеге асыру арқылы болашақ кезеңге арналған даму жоспарын келісу алдында ТЖҚ шығындарын негіздеу бойынша ЕТҰ материалдарын талдайды;

19) бекітілген ішкі нормативтік құжатқа сәйкес баға маркетингі рәсімінің бұзылуын анықтау мақсатында ЕТҰ-ның көшпелі тексерулеріне қатысады, туындаған мәселелер бойынша консультация береді;

20) құны смета базасынан тыс қалыптастырылған позициялар бойынша бағалардың дұрыс қалыптасуын сақтау мәніне сметалық құжаттаманы талдайды;

21) тексеру қорытындысы бойынша қорытынды дайындауды жүзеге асырады, баға маркетингі процесін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлейді;

22) жүргізілген тексеруден кейін түзету іс-қимылдары жоспарының орындалуына мониторинг жүргізеді;

23) тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бағасының маркетингі рәсімдерінің сақталуына жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ ұсынымдарын орындауға қатысты ЕТҰ-ның ҚНК әзірлейді / өзектендіреді;

24) ЕТҰ ТЖҚ-ны 10 000 АЕК-тен жоғары сатып алуды келіседі;

25) коммерциялық ұсыныстар алуға сұрау салулар жіберу арқылы әлеуетті өнім берушілермен өзара іс-қимыл жасайды;

26) қадағалайтын басқарушы директордың келісімі бойынша жоғары тұрған ұйымдардың сұрау салуы бойынша департамент құзыреті шеңберінде қажетті ақпаратты дайындайды;

27) «Самұрық – Қазына» АҚ, «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС, «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ және Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасымен елішілік құндылық үлесінің (жергілікті қамтудың) мониторингін жүзеге асыру, маркетингтік зерттеулерді жүзеге асыру саласында өзара іс-қимыл жасайды;

28) ЕТҰ орналасқан өңірлер бойынша тауарлар бойынша, тауарлар топтары бойынша бағаларға салыстырмалы талдау жүргізеді;

29) ЕТҰ-дан жылына 2 рет деректер жинау арқылы ЕТҰ-ның тауарлық-материалдық қорларына талдау жүргізеді;

30) Даму жоспарын қалыптастыру/түзету кезінде ТМҚ-ны есепке алу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және өзектендіреді;

31) басшылықтың тапсырмасы бойынша қойма шаруашылығының ЕТҰ ІНҚ-ны өзектендіруге /әзірлеуге қатысады;

32) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі ұйымдардың мүлкін өткізу қағидаларын сақтау тұрғысынан ЕТҰ мүлкінің өткізілуіне мониторинг жүргізеді;

33) басшылықтың тапсырмасы бойынша ЕТҰ-дағы тауар-материалдық қорларды түгендеуге қатысады;

34) ТЖҚ маркетингтік зерттеулер процесін регламенттейтін ЕТҰ ЖҰӨ бекітуіне мониторинг жүргізеді;

35) ЕТҰ-ға және Қоғамның құрылымдық бөлімшесіне департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсетеді;

36) іс қағаздарын жүргізеді;

37) Қоғамда құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларына сәйкес істер номенклатурасын әзірлейді және құжаттарды мұрағатқа тапсырады;

38) лот бойынша ашық тендер тәсілімен құны 20 млн. теңгеден кем емес немесе ҚҚС есептемегенде, 150 млн. теңгеден аспайтын тауарларды жоспарланатын сатып алу бойынша маркетингтік зерттеулерді келіседі және жүргізеді;

39) ЕТҰ ЖСЖ/ СЖ/ ҰМСЖ елішілік құндылықтың (жергілікті қамтудың) болжамды үлесі, баға мониторингі тұрғысынан келісуді, ЕТҰ ТЖК-нің бірдей позицияларының құнын салыстырады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Мына салалардыға жоғары кәсіптік білім (экономикалық, маркетинг немесе техникалық)
  • Кәсіптік саладағы практикалық жұмыс өтілі қызмет бейініне сәйкес кемінде 5 жыл
  • Нарықты талдау және баға маркетингін жүргізу тәжірибесі;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу саласында жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн;
  • Энергетика, сатып алу қызметі саласындағы заңнаманы, сондай-ақ сатып алу, маркетингтік зерттеулер және жергілікті қамту саласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ нормативтік құжаттарын білу;
  • маркетингтің әдістері мен құралдарын білу;
  • Қазақстан Республикасының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің, жақын және алыс шет елдердің нарығындағы барлық бағыттар бойынша жабдықтың әлеуетті жеткізушілерінің/өндірушілерінің/ дилерлерінің/ дистрибьютерлерінің нарығын білгені жөн;
  • ағылшын тілін білу (жақсырақ);
  • Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге баға мониторингін жүргізу дағдылары;
  • ірі жобаларды іске асыру кезінде негізгі жабдыққа бағаларды талдау дағдылары;
  • жергілікті қамту үлесі бойынша есептілікті сараптау дағдылары, қоғам компанияларының сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі бойынша деректерді талдау және ұсыну;
  • мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынастарды басқару дағдылары;
  •  іскерлік хат алмасу дағдылары;
  •  іс-шараларды (отырыстарды, кеңестерді және т. б.) дайындау, ұйымдастыру және өткізу дағдылары;
  • таныстырылымдар, Кеңеске ақпарат дайындау тәжірибесі;
  • қорытынды дайындау үшін ақпараттың жеткіліктілігін бағалай білу;
  • сметалық құжаттаманы талдай білу;
  • жұмыста басқа компаниялардың және басқа салалардың үздік тәжірибесін пайдалана білу



Қажетті қабілеттер

  • 9) Навыки управления взаимоотношениями с заинтересованными сторонами
  • Знание методов и инструментов маркетинга
  • Навыки анализа цен на основное оборудование при реализации крупных проектов
  • ) Навыки деловой переписки.
  • Опыт проведения анализа рынка и маркетинга цен
  • Предпочтительно опыт работы в сфере закупок АО «Самрук-Қазына»
  • Знание английского языка (предпочтительно)
  • Навыки проведения ценового мониторинга товаров, работ и услуг
  • Навыки подготовки, организации и проведения мероприятий (заседания, совещания и т.п.)
  • Опыт подготовки презентаций, информации к совещанию
  • Умение анализировать сметную документацию

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман