«Бухгалтерлік және салық есебі» департаментінің бас менеджері

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
452

   Конкурс туралы
Қызметтік міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық құжаттардың талаптарына, компанияның есеп саясатына және оның регламенттік құжаттарына сәйкес бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары негізінде Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ету;

2) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес Қоғамның шоғырландырылған қаржылық есептілігін орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде жасауды жүзеге асыруға және оны жоғары тұрған ұйымға, инвесторлар мен аудиторларға ұсыну;

3) Еншілес тәуелді ұйымдар бухгалтерлерінің қаржылық есептілікті жасауының дұрыстығы мен уақтылығын талдау;

4) «Самұрық-Қазына» АҚ, Қоғам тобының еншілес компаниялары бекіткен қаржылық есептілік пакеті нысандарының дұрыс толтырылуын тексеру;

5) Аудиторлық есеппен расталған ХҚЕС-ке сәйкес қаржылық есептілік пакетін қаржылық есептілікпен салыстырып тексеруді жүзеге асыру;

6) Топтың еншілес және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарына қаржылық есептілік пакетін толтыру бойынша әдістемелік көмек көрсету;

7) Қаржылық есептілікті шоғырландырудың барлық рәсімдерін сапалы орындау;

8) Сатуға арналған және тоқтатылған қызметтен түсетін айналымнан тыс активтердің есебін жүргізу;

9) Дебиторлық берешектің пайда болу мерзімдері бойынша оның резервін есепке алу себеттерін қалыптастыру бойынша пайыздық мөлшерлемелерді есептеуді жүргізу мақсатында оны өтеу мерзімдері бойынша дебиторлық берешекке талдауды уақтылы жүргізу;

10) Бас компания тобы ауқымында жаңа халықаралық стандарттардың әдіснамасын қалыптастыруға, сондай - ақ оларды «Самұрық-Энерго»АҚ тобында қолдануға қатысу;

11) Топқа халықаралық стандарттардың жаңа енгізілімдері және оларды барлық құрылымдық бөлімшелерде бухгалтерлік есепке енгізу мәселелеріне қатысты нұсқама беру;

12) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының тұрақты жаңартылып отырылуына байланысты корпоративтік есеп саясатының өзектілендірілуін қамтамасыз ету;

13) Сыртқы аудитті жүргізу үшін қажетті ақпаратты дайындауды қамтамасыз ету;

14) Басшыларды, кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды және басқа да пайдаланушыларды бухгалтерлік есептілікпен салыстырмалы және дұрыс бухгалтерлік және басқарушылық ақпаратпен және Компания бойынша есептілікпен қамтамасыз ету;

15) Жеке және шоғырландырылған есептер үшін кейінге қалдырылған салық есептеулерін уақтылы және сапалы түрде дайындау;

16) Қоғам тобы бойынша есептелген және төленген салықтар туралы уақтылы ақпарат беру;

17) Сыртқы аудитордың ұсынымдарын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын дайындауды және орындалуына мониторингті қамтамасыз ету;

18) Аудит жөніндегі комитетпен сыртқы аудиторлардың өзара іс-қимылын және отырыстар хаттамаларын қамтамасыз ету;

19) Қоғам қызметінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілікті ашу бөлігінде Жылдық есепте ақпаратты ашуды қамтамасыз ету;

20) Қоғамның веб-сайтында қаржылық есептілікке қатысты бөлімдерді жаңарту.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Жоғары кәсіби білім (бухгалтерлік, қаржылық немесе экономикалық)

АССА кәсіби сертификатының болуы (Association of Chartered Certified Accountants) құпталады.
Кәсіби салада кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы.

Big 4 аудиторлық фирмаларда аудитор ретінде жұмыс тәжірибесі жақсырақ.

ХҚЕС стандарттарын және бухгалтерлік және салықтық есепті реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарын білу.

Компанияның бухгалтерлік және салықтық есеп процестерін жүргізу дағдылары.

Бухгалтерлік есеп, есеп беру және салық салу әдістемесін әзірлеу дағдылары.

Ірі өндірістік немесе холдингтік компанияда жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау дағдылары.

Сыртқы аудиторлармен өзара әрекеттесу дағдылары.

Бухгалтерлік есеп пен есеп беру процестерін автоматтандыру дағдылары.

Қолма-қол және қолма-қол ақшасыз қаражаттардың қозғалысын бақылау, валютаны қайта бағалау дағдылары.

Арнайы ақпараттық жүйелерді пайдалану дағдылары.

Іскерлік жазу дағдылары.

Қажетті қабілеттер

  • - Навыки деловой переписки
  • Предпочтительно опыт работы в аудиторских компаниях Big 4 в качестве аудитора.
  • Знание стандартов МСФО и нормативных документов РК, регулирующих бухгалтерский и налоговый учет
  • Навыки ведения процесса бухгалтерского и налогового учета компании
  • Навыки разработки методологии бухгалтерского учета, отчетности и налогообложения.
  • Навыки взаимодействия с внешними аудиторами
  • Навыки автоматизации процессов бухгалтерского учета и отчетности.
  • Навыки пользования специализированными информационными системами

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман