ИНЖЕНЕР – ТЕХНОЛОГ, ИНЖИНИРИНГ БӨЛІМІ (КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ЖОБАЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ)

ПетроҚазақстан Ойл Продактс Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
3155

   Конкурс туралы

Міндеттері:

      • Жобалау құжаттарына, құрылыс нормаларына және режелеріне, техникалық шарттарға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес мердігерлік ұйымдар орындайтын жобалар бойынша алаңшалардағы құрылыс-құрастыру жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді. Жобаның қауіпсіздік техникасы бойынша жоспарын сақтауға атқарушылық өкілеттігі бар.
      • Учаскедегі құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізудің технологиялық реттілігін сақтауды қамтамасыз етеді.
      • Жобаланатын нысандардың құрылысына авторлық қадағалау жасайды, өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес береді.
      • Мердігерлік ұйымдар үшін жұмыс атқарылытан жерлерді дайындайды және орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысады.
      • Мердігерлік ұйымдар үшін жұмыстарды жүргізу құқығына рұқсаттарды ресімдейді.
      • Мердігерлік ұйымдарды жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері бойынша нұсқаулықтан тікелей жұмыс орындарында өткізеді.
      • Пайдалану беріктігіне және жаңа жабдықты таңдауға қатысты инженерлік құжаттарды тексереді, қол қояды және жауап береді.
      • Шымкент МӨЗ қайта құрастыру және жаңғырту жобасы және «ПКОП» ЖШС басқа да күрделі жобалары үшін қондырғыларды тоқтату және іске қосу бойынша процедураларды әзірлейді.
      • Жаңа технологиялық қондырғының құрылысына байланысты өзгерген пайдалану процедураларын жаңартады.
      • Орындалған жұмыстардың есебін жүргізеді, техникалық құжаттарды ресімдейді.
      • Жабдықты орналастыру, техникалық жабдықтау жоспарларын жасайды, өндірістік қуаттарды және жабдықтың жүктемесін есептейді.
      • Құрылыс нысандарының пайдалануға жарамдылығына, техникалық қызмет көрсетілуіне және қауіпсіздік техникасына қатысты мәселелерді қарауға қатысады.
      • Жаңа технологиялық процестерді игеру және оларды өндіріске ендіру бойынша эксперименттік жұмыстарды жүргізуге қатысады.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби (техникалық) білімі;
  • Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Шарттар:

  • әлеуметтік пакет
  • жеткізу