4 РАЗРЯДТЫ МҰНАЙ ҚҰЯТЫН СЫЙЫМДЫЛЫҚТАРДЫ ТЕКСЕРІП ҚАРАУШЫ

ПетроҚазақстан Ойл Продактс Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
281

   Конкурс туралы

Болуы тиіс:

 

  • орта-арнайы (техникалық) білімі білімі немесе өндірістік-техникалық оқу курстарында арнайы дайындығы;
  • тауар операторы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

 

Білуі тиіс:

         

  • вагонцистерналарды мұнай және мұнай өнімдерін құюға дайындау бойынша эстакадалардың технологиялық схемасын;
  • вагон-цистерналарды дайындаудың технологиялық процестерін, «Мұнай және мұнай өнімдері. Таңбалау, тасымалдау және сақтау» (МЕМСТ 1510-22); ағымдағы ағытпа жөндеу жүргізу жүйесін;
  • вагонов-цистерналардың құрылысын, құйып алатын аспаптардың жарамсыздығын анықтауды;
  • құйып алу аспаптары мен қапсырмаларға, қақпақтар мен пломбалау ілмектеріне ағымдағы жөндеу жүргізу тәртібін;
  • вагон-цистерналарға техникалық қызмет көрсету тәртібін, вагон-цистерналардың тораптары мен бөлшектеріне қойылатын техникалық талапты;
  • мұнай және мұнай өнімдерінің негізгі физика-химиялық қасиеттерін, зиянды заттардың сипаттамасын және улану кезіндегі белгілерді;
  • жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету амалдарын;
  • тізбеге сәйкес қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, газ қауіпсіздігі талаптары мен нұсқауларын;
  • әртүрлі апаттық жағдайларда апаттарды жою жоспарымен қарастырылған міндеттерді білу және орындай алу;
  • өрт сөндіру құралдарының орналасқан жерін білу және пайдалана алу;
  • жедел медициналық көмек, газдан құтқару және өртке қарсы қауіпсіздік қызметтерінің орналасқан жерлерін және нөмірлерін білу;
  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды.

 

Қажетті дағдылар:

 

 

  • сенімді пайдаланушы деңгейінде компьютерде жұмыс істеу дағдылары;
  • есеп беру құжаттарын дайындау дағдылары.