ИНЖЕНЕР - ҚҰРЫЛЫСШЫ (ҚҰРЫЛЫСТЫ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІ КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ЖОБАЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ )

ПетроҚазақстан Ойл Продактс Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
3325

   Конкурс туралы

Міндеттері:

      • Құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуына және мердігерлік құрылыс ұйымдардан аяқталған объектілердің қабылдануына техникалық қадағалауды жүзеге асырады.
      • Құрылыс жоспарларының орындалу барысын, құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемінің, мерзімдерінің және сапасының сәйкестігін, сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттамалармен, жұмыс сызбаларымен, құрылыс нормаларымен және қағидаларымен, стандарттармен, техникалық шарттармен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормаларымен бекітілген қолданылатын материалдардың, өнімдердің, конструкциялардың сапасын бақылайды.
      • Құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімдерін бұзатын және сапасын нашарлататын себептерді зерделейді, олардың алдын алу және жою шараларын қабылдайды.
      • Жобалық құжаттамада көрсетілген пайдаланатын материалдардың, өнімдердің және конструкциялардың тұрпаттарының, түрлерінің және маркаларының сәйкестігін тексереді.
      • Құрылыс барысында анықталған жобалық құжаттамадағы ақаулардың жоюылуына бақылау жасайды – ақаулық құжаттаманы жобалаушыға құжат түрінде кері қайтару, түзетілген құжаттаманы бақылау және құжатталған түрінде қабылдау, оны мердігерге тапсыру.
      • Жасырын жұмыстарды куәландыруға және бағалауға, мердігердің жауапты өкілімен бірге жасырын жұмыстарды куаландыру актісіне қол қоюға қатысады.
      • Жауапты конструкцияларды аралық қабылдауға (мердігердің жауапты өкілімен бірге), оларды қабылдау актісіне қол қоюға қатысады.
      • Жұмыстардың жекеленген түрлерін, ғимараттардың, құрылыстардың және объектінің конструктивтік элементтерін түгелімен қабылдау кезінде анықталған ақаулардың және соңына дейін жасалмаған жұмыстардың уақтылы жойылуын бақылайды.

Талаптар:

  • жоғары кәсіби (техникалық) білімі;
  • инженер лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Шарттар:

  • әлеуметтік пакет
  • жеткізу