АҒА ИНЖЕНЕР – ТЕХНОЛОГ, ИНЖИНИРИНГ БӨЛІМІ (КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ЖОБАЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ)

ПетроҚазақстан Ойл Продактс Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
3177

   Конкурс туралы

Міндеттері:

      • Бекітілген кестелерге сәйкес жобалық-сметалық және жұмысшы құжаттамалардың әзірленуіне бақылау жасайды.
      • Әзірленген жобалық-сметалық, жұмысшы құжаттамаларды тексереді және олардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге және нормативтік құжаттарға, соның ішінде заңдарға, қаулыларға, бұйрықтарға, талаптарға, ведомосттық нұсқауларға, құрылыстық нормаларға және ережелерге, сондай-ақ жобалау тапсырмаларына, техникалық тапсырмаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
      • Жобалық-сметалық, жұмысшы құжаттамаларды бекіту және жұмысшы құжаттамаларды жұмысты жүргізуге тапсыру процестеріне қатысады.
      • Инженер-технологтардың тобына басшылық етеді.
        • Жоабалауға, соның ішінде стандарттық емес жабдықтарды, автоматтау және механикаландыру құралдарын шығаруға берілген техникалық тапсырмаларды әзірлейді;
        • Инженер-технологтардың арасында тапсырмаларды бөліп береді және олардың орындалуына бақылау жасайды;
        • Технологиялық процестерде өзгерістер болған жағдайларда жобалық құжаттамаларға өзгерістерді енгізуге бастамашы болады;
        • Қажетінше патенттік тазалықты және жобада алғашқы рет қолданылатын немесе жоба үшін әзірленген технологиялық процестердің, жабдықтардың, аспаптардың, конструкциялардың, материалдардың және өнімдердің патенттік қабілеттілігін тексеруді қамтамасыз етеді;
        • Жобалауға арналған бастапқы деректерді жинауға, құрылысты жобалаудың барлық кезеңінде бекітілген нысандар бойынша техникалық мәселелерді шешуге, нысанды қолданысқа енгізуге және жобалық қуаттылықты босатуға қатысады;
        • Жабдықтарды орналастырудың, техникалық жабдықтаудың жоспарларын жасауға қатысады, өндірістік қуаттылықты және жабдықтардың жүктемесін есептейді;
        • Пайдалану сенімділігіне және жаңа жабдықтарды таңдауға қатысты инженерлік құжаттарды тексереді, бұрыштама қояды және оларға жауап береді;
        • Жобаланатын қондырғыларды тоқтату және іске қосу бойынша процедураларды әзірлейді;
        • Өндіріс технологиясы саласында отандық және шетелдік озық тәжірибелерді үйренеді, материал шығындарын азайтуға, жұмсалатын еңбекті төмендетуге, еңбектің өнімділігін арттыруға бағытталған өндірістің тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды жасайды және жүзеге асыруға қатысады;

         

        • Өнертапқыштық ұсыныстарға қорытындылар мен пікірлерді, стандарт жобаларын, техникалық шарттарды және семинарлар мен конференциялардың жұмысындағы басқа да нормативтік құжаттарды дайындауға қатысады;
        • Жаңа технологиялық процестерді енгізуге қатысады;
        • Технология және өнім нарығы туралы апараттарды зерделейді;
        • Қабылданған өнертапқыштық ұсыныстарды өндіріске енгізуге ықпал етеді.
        • Жобаны жүзеге асыру кестелерін әзірлеуге қатысады;
        • Жобаланатын технологиялық процестерге арналған шикізаттың, жартылай фабрикаттың, материалдардың, отынның, энергияның шығындарын есептейді;
        • Технологиялық регламенттерді, нұсқауларды және басқа да технологиялық құжаттамаларды әзірлейді;
        • Әзірленген құжаттамаларды кәсіпорын бөлімшелерімен келіседі;
         ҚР ҚН 1.02-03-2011 сәйкес (Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары) жобалық-сметалық, жұмысшы құжаттамаларды бекітуге және жұмысшы құжаттамаларды жұмысты істеуге тапсыруға қатысады

Талаптар:

  • І санаттағы инженер – технолог: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары білім беру орталығынан кейінгі) білімі және ІІ санаттағы инженер-технолог лауазымында жұмыс өтілі кемінде 2 жыл
  • ІІ санаттағы инженер – технолог: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары білім беру орталығынан кейінгі) білімі және санаты жоқ инженер-технолог лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл
  • Инженер – технолог: Жұмыс тәжірибесіне талап ұсынбастан тиісті мамандығы бойынша жоғары  (немесе жоғары білім беру орталығынан кейінгі) білімі немесе мамандығы (біліктілігі) бойынша орта техникалық және кәсіби (арнайы орта, орта кәсіби) білімі және І санаттағы техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Шарттар:

  • әлеуметтік пакет
  • жеткізу