МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ АҒА МАМАН (КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ЖОБАЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ)

ПетроҚазақстан Ойл Продактс Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
3150

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Жоба алдындағы ТЭН (техникалық-экономикалық негіздеме) және ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеуге мемлекеттік органдардан рұқсат құжаттарын алу бойынша жұмыстарды үйлестіреді.
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен келісу мәселелері тұрғысында МӨЗ жаңғырту және реконструкциялау жобаларының және «ПҚОП» ЖШС күрделі жобаларының жобалау алдындағы және жобалау құжаттамаларын жоспарлауға, ұйымдастыруға және әзірлеуге қатысады.
  • ҚР заңнамасына сәйкес МӨЗ жаңғырту және реконструкциялау жобаларының және «ПҚОП» ЖШС күрделі жобаларының жобалау алдындағы және жобалау құжаттамаларын мемлекеттік органдармен және олардың ведомстволық бағынышты ұйымдарымен келіседі.
  • Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен құрылыс алаңдарында жабдықтарды орнатуға, сынауға және тіркеуге байланысты мәселелерді келіседі.
  • Жұмыс құжаттамаларына енгізілген қолданыстағы нормалардан, қағидалардан, нұсқаулықтардан негізделген ауытқуларды мемлекеттік қадағалау органдарымен және оларды бекіткен басқа да ұйымдармен келіседі;
  • Бақылаудағы объектілерді салумен айналысатын барлық мердігерлік ұйымдарда қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі қағидалар мен нормаларды сақтайды.
  • Жұмыс күнінің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды.
  • Компанияның саясатын және процедураларын нақты ұстанады.

Талаптар:

  • жоғары кәсіби (заңгерлік) білімі;
  • мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
  • мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесі (болғаны лазым).

Шарттар:

  • әлеуметтік пакет
  • жеткізу