НАА тобының талдаушысы (аутстаффинг секторы)

"КМГ-Кумколь" ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
392

   Конкурс туралы
Міндеттері:
1. Пайдаланушы
сұрауларын уақтылы өңдеу, SLA негізіндегі мерзімі өткен және қайталанған өтінімдерді талдау;
2. Әзірленген шаблондар бойынша іскер серіктестердің (контрагенттердің) жазбаларын қалыпқа келтіру, стандарттау;
3. Мастер-деректерді талаптарға сәйкес құрылымдық сипаттау және біріздендіру;
4. Қате жазбаларды (дубльдер/қателер) анықтау және анықталған қателерді жою бөлігіндегі деректерді талдау;
5. Инциденттерді, пайдаланушылардың өтінімдерін бақылау, есепке алу, талдау және мониторингтеу;
6. Пайдаланушыларға консультациялық қолдау көрсету;
7. Нұсқаулықтарды, әдістемелік және нормативтік материалдарды әзірлеу және өзектендіру;
8. Ақпараттық / аналитикалық жүйелердің функционалы бойынша есепті материалдарды талдау;
9. Пайдаланушыларды оқытуды жүргізу;
10. Анықтамалықтардағы деректерді құрылымдау.

Талаптар:

1. Жобалық және пайдаланушылық құжаттаманы әзірлеу дағдылары (техникалық тапсырма, жобалық шешім, параметрлердің сипаттамасы, нұсқаулар мен есептер);
2. Аналитикалық ойлау;
3. Үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істей білу және дайындық;
4. Оқытудың жоғары дәрежесі, түпкілікті нақты нәтижеге бағытталған және ол үшін жауапкершілік;
5. MS Excel бағдарламасын озық пайдаланушы деңгейінде білу;
6. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты жүргізу принциптерін түсіну;
7. Анықтамалықтардың регламенттеуші құжаттар мен қағидаларға сәйкестігін тексеру әдістерін білу
8. Білімі:  жоғары техникалық / инженерлік-экономикалық / қаржылық / Ақпараттық жүйелер және технологиялар
9. Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі: кемінде 1 жыл;
    
 
Шарттар:
     
1. Медициналық сақтандыру;  
     
2. Компания есебінен біліктілікті арттыру;    
     
3. Бір жылдағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы;  
     
4. Әңгімелесу нәтижелері бойынша жалақы мөлшері.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташа)