4-разрядты авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі

335767 - 335767 KZT
"ПМХЗ" ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
309

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • су құбыры желілеріне, ішкі жылыту және кәріз жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу;
  • санитарлық-техникалық жабдықтарды, коммуникацияларды, бекіту арматурасын және бақылау-өлшеу аспаптарын уақтылы жөндеуді қамтамасыз етеді;
  • объектілердің санитарлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықтар мен коммуникацияларды монтаждауды жүргізеді;
  • кәріз желісін икемді білікпен, су ағынымен шайып және жылжымалы сорғылардың көмегімен кері гидравликалық қысым әдісімен бітелуден тазартады;
  • объектінің әрбір су алу нүктесінен ағынды суларды ағызуды қамтамасыз етеді;
  • санитарлық-техникалық құрылғылардағы ақауларды анықтайды және жояды.

Біліктілік талаптары:

  • техникалық және кәсіптік немесе жалпы орта білім және кәсіптік даярлық курстары;
  • тиісті мамандық бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Білімі мен дағдылары:

  • қызмет көрсетілетін жабдықтың және санитариялық-техникалық құрылғылардың құрылымы мен конструктивтік ерекшеліктерін, жұмыс істеу қағидаттарын, монтаждау тәсілдерін білу;
  • слесарь құралымен жұмыс істеу дағдылары;
  • схемалар мен эскиздерді құрастыру дағдылары;
  • мемлекеттік, орыс тілдерін білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру