«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Мақат пайдалану локомотив депосының жөндеуді бақылау бөлімінің 1-разрядты технологиялық инженері – ЖТ Атырау филиалы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, орындау, есеп беру, бақылау және талдау, түзету әрекеттерін келесі бағыттар мен процестерде орындау:
- ИМЖ саласындағы саясат және мақсаттар;
- локомотивтер мен негізгі локомотив жабдықтарын жөндеу, сервистік және техникалық қызмет көрсету түрлерін ұйымдастыру мәселелері бойынша жөндеу кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жасау;
- жөндеу кәсіпорындарының қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес локомотивтерді жөндеу және тексеру технологиясы талаптарын сақтауын бақылау;
- локомотивтердің уақытша резервіндегі және ұзақ мерзімді сақтауды консервациялаудағы локомотивтердің сақталуын және техникалық жай-күйін бақылау (ОРЛ, ВРЛ, КДХ) ;
- локомотивтерді жөндеу, сервистік және техникалық қызмет көрсету түрлеріне ағытуды және оларда локомотивтердің тоқтап қалу нормаларының орындалуын бақылау, сондай-ақ жөндеуде локомотивтердің тоқтап қалуы бойынша ай сайынғы жиынтық актіні жасау.
- локомотивтерді жөндеу, сервистік және техникалық қызмет көрсету бойынша техникалық құжаттаманың (формулярлардың, Техникалық паспорттардың, ТУ-17, ТУ-29, ТУ-125, ТУ-150, ТУ-152 және т. б. нысанды журналдардың) жүргізілуін бақылау;
- есептілікті жүргізу (ТО-5, ТО-13, ТО-15 (Т,Е), АГО-14 және т. б.)
- жөндеудің, сервистік және техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлеріне локомотивтердің жөндеуаралық жүрісін бақылау, есепке алу;
- пайдалануда локомотивтер мен локомотив жабдықтары жұмысының сенімділігін арттыру, ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу;
- Бөлімнің қызметі бойынша ішкі және сыртқы құжаттаманы өзекті жағдайда ұстау;
- серіктестіктің жергілікті актілеріне сәйкес локомотивті маусымдық комиссиялық қарап-тексеруді ұйымдастыру;
- серіктестіктің бастамасы бойынша локомотивтерді автоматтандырылған басқару жүйесінің жабдықтарымен модификациялауға және локомотивтердің жарақтандырылуын жаңарту бойынша ағытуды ұйымдастыру және бақылау;
- қатысы бар жөндеу кәсіпорындары мен локомотив бригадаларының өкілдерін тарта отырып, локомотивтерді жөндеудің жоспардан тыс түріне ағытып алу жағдайларын тексеру және талдау, жарнама жұмысын жасау және құжаттандыру;
- локомотивтердің техникалық жай-күйіне байланысты теміржол көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын (апат; авария; оқиға; оқыс оқиға) сақтамау жағдайларын тергеп-тексеруге қатысу;
- қатысы бар қызметтермен және қызметкерлермен жөндеуді, техникалық және сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың басқа да мәселелері бойынша талдауларды ұйымдастыру;
- локомотивтердің жөндеудің жоспардан тыс түріне кіру санын азайту жөніндегі іс-шаралар.
- Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орынан кейін)
- Мамандығы: т Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив құрылыстары)
- Жұмыс тәжірибесі: жұмыс тәжірибесі кемдегенде 3 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр