Ақпараттық қауіпсіздік менеджері (16 грейд) (тәуекелдерді басқару, аудит) "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі функционалдық бағыты - "көпфункционалды қызмет көрсету орталығы"
- Құрылған күні:
- 09.10.2024
- Берілген өтінім:
- 37
- Қаралған саны:
- 745
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде және еншілес ұйымдарында Қоғамның жергілікті АЖ ережелерінің талаптарының сақталуына ішкі тексеру/аудит жүргізеді.
- Аудит барысында анықталған ақпараттық қауіпсіздік талаптарына анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды
- Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін анықтау және бағалау және компаниялар тобы үшін ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерінің жалпы тізілімін құру бойынша жұмыстарды жүргізеді
- Ақпараттық қауіпсіздік қаупін жою жоспарын әзірлеу, енгізу және орындалуын бақылау бойынша жұмыс жүргізеді
- Тәуекелдерді басқару шараларын/бақылау рәсімдерін әзірлейді және енгізеді, шаралардың/бақылау рәсімдерінің тиімділігі мен жетілдірілуіне талдау жасайды
- Негізгі тәуекел идентификаторларына мониторинг жүргізу, тәуекелдердің рұқсат етілген деңгейінен ауытқу себептерін анықтау, мүдделі тараптарды тәуекелдердің жоғары деңгейі туралы хабардар ету
- PAM құралын пайдалана отырып, компанияның ақпараттық ресурстары мен жүйелеріне артықшылықты қолжетімділікті басқару процесін қолдайды
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары:
- Мамандығы: Автоматтандыру және басқару, Ақпараттық жүйелер, Ақпараттық қауіпсіздік, Компьютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету, Құқықтану.
- Жұмыс өтілі: ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласында кемінде 3 жыл.
Қосымша талаптар:
- ақпараттық қауіпсіздік саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені, техникалық ақпараттық қауіпсіздікті дамыту перспективалары мен бағыттарын білу.
- ақпараттық қауіпсіздіктің халықаралық ISO 27001/27002, 27005, 27035 стандарттарын, интеграцияланған менеджмент жүйесінің стандарттарын білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр