Қазандық машинисі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Лауазымдық міндеттер:
жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және жеке еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтау;
24) Қызмет көрсететін қазандықтың жұмысын және құрылғысын білу қажет және барлық көмекші қазандық жабдықтарды (сорғылар, желдеткіштер, түтін соратын,ауалық компрессорлар), түтікқұбырының, майқұбырының және газқұбырының сұлбасын білу қажет;
25) Білімін тексерту, электрқауіпсіздігі бойынша екінші біліктілік тобы болу қажет;
26) Қазандық бөлмесін, қазандықты, саймандарды, арнайы киімін, сондай-ақ өзіндік қорғану құралдарын таза және жарамды күйде ұстау;
27) Еңбек және тынығу тәртібін, ішкі еңбек тәртібін сақтау талабын орындау;
28) Технологиялық, еңбек және өндірістік тәртібін сақтау, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықты және ережені сақтау;
29) Ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтап, цех бастығының жоспарланған жұмысын орындау;
30) Өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын орындау;
31) Ауысымды өткізу кезінде тапсыру және қабылдау журналына қол қою;
32) Жұмыс орнына тазалық жүргізу, құрал-саймандарды тазалау;
33) Жұмыс соңында арнайы киімін шешіп, шкафқа немесе арнайы орынға салып қою;
34) Жұмыс кезінде анықталған жарамсыздықтарды бас механикке хабарлау;
35) Аусымды өткізу кезінде кезекшіге өзгерістер болса хабарлауҚажетті білім дәрежесі
- Орташа білім