ЩОМ-6Р №7 жол машинасының машинист көмекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Машинист көмекшісі жұмысқа шығар алдында машинаның жарамдылығына сенімді болу қажет, қосалқы бөлшектердің және құрал-саймандардың, дәрі-дәрмек қобдишасының бар болуын тексеру, маршруттық парақты тіркеу;
Машинаға орнатылған қауіпсіздік жүйелерге және құрылғыларға бөгде адамдардың жұмысқа араласуын жібермеу;
Тыйым салынған белгілерге жақындаған кезде басқару кабинасын тастап кетпеу;
Орындалған жұмысқа негіздеме уақыт нормасын дайындауға қатысады, материалдық шығындардың нормативін есептейді;
Техникалық нормативтерді, нұсқаулықтарды, сұлбаларды, маршруттық карталады, карталардың технологиялық деңгейде болуын және жұмыстың сапалы орындалуын дайындайды;
Дайындалған құжаттарды мекеменің цехымен және бөлімдерімен келісіп шешу;
Техникалық тәртіпті, техника қауіпсіздігінің ережесін және жол машиналарының жұмысы кезінде және тасымалдау кезінде поезд қозғалысының қауіпсіздігін сақтауды жүзеге асырады;
Жол машиналарын дұрыс пайдалануды және олардың сақталуын қамтамасыз етіп, бақылау;
Жөндеу графигін дайындауды ұйымдастыру;
Жөндеу жұмысын жүргізу, жабдықтарды сынақтан өткізу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету ережесін сақтау;
Бір күндік орындалған жұмыс туралы есеп беру, сонымен қатар машинаның жұмысы туралы бір айлық және бір жылдық есеп беру;
Пайдаланылған жабдықтарды анықтау бойынша шара қолдануҚажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру