ЖЭК және тарату» департаментінің бас менеджері

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
45

Қаралған саны:
1422

   Конкурс туралы
Функционалдық міндеттері:

1) ЕТҰ жетекшілік ететін өндірістік бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру мониторингі және талдау жөніндегі іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

2) ЕТҰ өндірісін дамыту бойынша бизнес-бастамаларды уақтылы дайындауды, қалыптастыруды және өзектендіруді қамтамасыз етеді;

3) Жетекшілік ететін ЕТҰ бойынша қайталанатын ауытқуларды қысқарту үшін түзету және алдын алу іс-шараларын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

4) ЕТҰ электр станцияларының жедел жұмыс режимін және диспетчерлік кестесінің сақталуын уақтылы талдау және бақылау жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді және жүзеге асырады;

5) Жетекшілік ететін ЕТҰ бойынша Өндірістік және әкімшілік активтерді қолдауға бағытталған ағымдағы, күрделі жөндеу және күрделі құрылыс жүргізудің бекітілген жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді;

6) Күзгі-қысқы кезеңде жетекшілік ететін ЕТҰ энергетикалық объектілерін жұмысқа дайындау жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді және іске асыруды қамтамасыз етеді, дайындық паспорттарының уақтылы алынуын бақылайды;

7) ЕТҰ-ның өндірістік-техникалық қызметін бақылау жөніндегі іс-шараларды іске асыруды, ЕТҰ объектілерін пайдаланудың техникалық талаптары мен сапасын орындауды үйлестіреді және қамтамасыз етеді;

8) ЕТҰ бойынша іске асыру/қайта құрылымдау жөніндегі жоспарларды орындауға қатысады, ұсыныстар дайындауды және қорытындылар беруді жүзеге асырады, «Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі Қоғам) активтерін қайта құрылымдауға, қайта ұйымдастыруға, жетекшілік ететін ЕТҰ-ның ағымдағы қызметін талдауға қатысады;

9) Жетекшілік ететін ЕТҰ бойынша негізгі жабдықтардың жұмыс тиімділігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады;

10) Жетекшілік ететін ЕТҰ объектілерінің техникалық қауіпсіздігінің қажетті деңгейіне мониторингті қамтамасыз етеді;

 11) Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ЕТҰ даму жоспарының орындалуына мониторинг пен талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;

12) Іс-шараларды ұйымдастырады және өндірістік және әкімшілік активтерді қолдауға арналған инвестициялар бөлігінде Қоғамның Даму жоспарларының орындалуын қалыптастыруға, түзетуге және бақылауды жүзеге асыруға қатысады;

13) Жүйелік оператор белгілеген диспетчерлік кесте бойынша жұмыстың нормативтік талаптары мен шарттарына сәйкес электр станцияларында ЖЖМ, құралдар мен жабдықтардың қажетті көлемінің болуына мониторингті және бақылауды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді

14) ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептерді қалыптастыру үшін жетекшілік ететін бағыттар бойынша ақпараттың уақтылы берілуін, ЕТҰ есептерінің ММР негізінде жасалған ҚНК өзгерістері мен факторлардың түсіндірмелерінің болуын қамтамасыз етеді;

15) ЕТҰ-ның қолданыстағы өндірісін жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасын іске асыруды бақылауды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

16) Қоғамның АТ-стратегиясын әзірлеу/өзектендіру кезінде ұсыныстар енгізеді, оны АСУТП және АСКУЭ бөлігінде іске асыруды қамтамасыз етеді; 17) ЕТҰ-да АСКУЭ және АСУТП жобаларын енгізу мониторингін үйлестіреді және ұйымдастырады;

18) Жетекшілік ететін ЕТҰ бойынша жоспарланатын Даму жоспарының, бес жылдық кезеңге арналған Даму жоспарының (Инвестициялық бағдарламаның) бірінші күнтізбелік жылына арналған нақты көлемдер бөлігінде бюджеттің атқарылуын қалыптастыруға, түзетуге, талдауға және бақылауға уақтылы қатысуды қамтамасыз етеді;

19) ЕТҰ-ның инвестициялық бағдарламаларының негіздемелерін нақты көлемдер бөлігінде уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;

20) Жетекшілік ететін ЕТҰ-ның нақты көлемдері бөлігінде Қоғамның күрделі салымдарын игеру бойынша ай сайынғы мониторингтік есепті қалыптастыруға уақтылы қатысуды қамтамасыз етеді;

21) Қоғамның Басқарма Төрағасы үшін жетекшілік ететін ЕТҰ жобалары мен іс-шаралары бойынша егжей-тегжейлі инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы ай сайынғы есепті қалыптастыруға уақтылы қатысуды қамтамасыз етеді;

22) ЕТҰ жетекшілік ететін күрделі салымдардың өзге де жобалары мен іс-шараларын талдау және бағалау үшін қоғамның тиісті құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттың уақтылы берілуін қамтамасыз етеді;

23) Жетекшілік ететін ЕТҰ бойынша Жоспарланатын даму жоспарының бірінші күнтізбелік жылына арналған бюджетке, бес жылдық кезеңге арналған Даму жоспарына ұсынымдар әзірлей отырып, физикалық көлемдер бөлігінде күрделі салымдардың өзге де жобалары мен іс - шараларына (OTHER - негізгі құралдарды сатып алу, жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды капиталдандырылатын жөндеулер жүргізу, сондай-ақ қолдау жөніндегі жобалар/іс-шаралар) уақтылы талдау жүргізуді және бағалауды қамтамасыз етеді (Инвестициялық бағдарлама);

24) Жетекшілік ететін ЕТҰ бойынша нақты көлемдер бөлігінде жоспарланатын Даму жоспарының (инвестициялық бағдарламаның) бірінші күнтізбелік жылына арналған бюджетті оңтайландыру жөнінде ұсынымдар әзірлеуді уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді;

25) Мониторингті, оның ішінде инвестициялар бөлігінде: жабдықтың істен шығуына және аварияларға байланысты тәуекелдерді барынша азайтуға, активтер мен өндірістік қуаттарды, ТЭН әзірлеусіз іске асырылатын және корпоративтік рәсімдерді талап етпейтін инфрақұрылым объектілерін техникалық жарамды күйде ұстауға, сондай-ақ қандай да бір саладағы қызметті қолданыстағы деңгейде ұстап тұруға бағытталған күрделі құрылысты, жөндеу жұмыстарының уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз етеді (қуаттардың кеңейтілуі көзделмейді);

26) ЕТҰ жабдықтарының күрделі құрылысы, жөнделуі және сенімділігі саласындағы саясатты әзірлеуді, келісуді, бекітуді және басқаруды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді;

27) Технологиялық карталардың, жөндеу ерекшеліктерінің және күрделі құрылыс, ЕТҰ жөндеу жөніндегі нормативтік анықтамалықтардың құрылымын басқаруға уақтылы қатысуды қамтамасыз етеді;

28) ЕТҰ тарапынан технологиялық карталардың, жөндеу ерекшеліктерінің және күрделі құрылыс, ЕТҰ жөндеу жөніндегі нормативтік анықтамалықтардың деректерін уақтылы толтыруға талдау мен бақылауды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді;

29) Жетекшілік ететін ЕТҰ-да жабдықтарды жөндеуді орындаудың маңыздылығын уақтылы анықтауды қамтамасыз етеді

30) Жөндеу қызметіне инновациялық технологияларды енгізуге, жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету процестерін жетілдіруге қатысты Қоғамның жобалары мен іс-шараларына уақтылы қатысуды қамтамасыз етеді;

31) ЕТҰ-ның Жылдық сатып алу жоспарын қалыптастыруға уақтылы қатысуды, жөндеу науқанын жүргізу және ЕТҰ жабдығының техникалық жай-күйін қолдау үшін қажетті материалдарды, қосалқы бөлшектерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жасалған шарттардың мониторингін қамтамасыз етеді. Материалдар мен қосалқы бөлшектерді сатып алудың бекітілген кестесін орындау мониторингін жүргізу;

32) ЕТҰ жөндеу бағдарламаларын дайындау мен жүргізудің, ЕТҰ негізгі жабдықтарын жөндеудің бекітілген кестесін сақтаудың, жүргізілген жөндеу сапасының уақтылы мониторингін қамтамасыз етеді;

33) Жетекшілік ететін ЕТҰ жөндеу бағдарламаларын дайындау және жүргізу процесінің, ЕТҰ негізгі жабдықтарын жөндеудің бекітілген кестесінің сақталуының және жүргізілген жөндеу сапасының уақтылы мониторингін қамтамасыз етеді. Өндірістік және әкімшілік активтерді қолдауға, сондай-ақ болған технологиялық бұзушылықтарды есепке алуға және талдауға инвестициялар бөлігінде ағымдағы, күрделі жөндеулер мен күрделі құрылыстың бекітілген жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізу;

34) ЕТҰ жетекшілік ететін нақты көлемдер бөлігінде жөндеу бағдарламаларының жылдық бюджетінің түзетулерін уақтылы қарауды және келісуді қамтамасыз етеді;

35) Ай сайынғы негізде жетекшілік ететін басқарушы директорда өндірістік мәселелер бойынша селекторлық кеңестердің уақтылы ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;

36) Күрделі салымдардың өзге де жобалары мен іс-шараларын уақтылы қалыптастыруды, саралауды және іріктеуді қамтамасыз етеді;

37) Күрделі салымдардың өзге де жобалары мен іс-шараларын іске асыру мониторингін уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

38) Мониторинг нәтижелері бойынша күрделі салымдардың өзге де жобалары мен іс-шараларын іске асыру туралы тоқсан сайынғы/жартыжылдық статус-есепті уақтылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

39) Күрделі салымдардың басқа да жобалары мен іс-шараларының жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау мен бағалауды уақтылы жүргізуді, нақты мәндердің жоспарланғаннан ауытқу дәрежесі мен бар болуын айқындауды, туындаған ауытқуларға әсер еткен факторларды айқындауды қамтамасыз етеді;

40) ИИС-ке, Қоғам басқармасына күрделі салымдардың өзге де жобаларын іске асырудың инвестициялық алдындағы және инвестициялық кезеңдерін мақұлдау жөніндегі корпоративтік рәсімдердің уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етеді;

41) Ауытқу себептерін айқындай отырып, күрделі салымдардың өзге де жобалары мен іс-шараларын іске асыруды қамтамасыз етеді;

42) Күрделі салымдардың өзге де жобалары мен іс-шараларын басқару үшін ағымдағы әдіснамалық базаның өзектілігін бағалауды, әдіснаманы өзгертуге/әзірлеуге сұрау салулар мен ұсынымдарды талдауды қамтамасыз етеді;

43) Күрделі салымдардың өзге де жобалары мен іс-шараларын басқару процесін реттейтін Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге және өзектендіруге уақтылы қатысуды қамтамасыз етеді;

44) Жетекшілік ететін бағыттар бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

45) Жетекшілік ететін бағыттар бойынша Қоғам Стратегиясының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Жоғары кәсіптік білім (энергетика, заңгерлік білім құпталады)

Кәсіптік саладағы практикалық жұмыс өтілі қызмет бейініне сәйкес кемінде 5 жыл (өндірістік процестерді түсіну үшін өндірісте жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн)

Электр энергетикасы саласындағы компаниялар өндірісінің стратегиялық бастамаларын қалыптастыру тәжірибесі;

Энергетикалық компаниялардың өндірістік бағдарламаларын қалыптастыру және мониторингілеу тәжірибесі;

Энергетикалық компаниялардың іс-шараларын іске асыру және өндірістік-техникалық қызметін бақылау тәжірибесі;

Өндірістік процестерді автоматтандыру тәжірибесі;

Технологиялық бөлім бойынша компанияның инвестициялық жобаларын сараптау тәжірибесі;

Қазақстан Республикасының және «Самұрық-Қазына» АҚ дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын, Қоғам қызметіне және оның орта мерзімді/жылдық өндіріс жоспарларына әсер ететін Қазақстан Республикасы мен «Самұрық-Қазына» АҚ құжаттарының талаптарын білу;

Қоғамның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективаларын, стратегиясын, басымдықтарын білу;

Өндіріс экономикасын білу және базалық шығындарды қалыптастыру тәжірибесі;

Өндірістік активтердің сенімділігін басқарудың үздік тәжірибелерін білу;

 Негізгі өндіріс схемаларының технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырыс-нарядты қалыптастыру және жабу рәсімін білу;

 Корпоративтік басқару қағидаттарын білу;

Пайдалану режимін жүргізудің негізгі қағидаттарын, жабдық бірліктерінің құрылғылары мен конструкцияларын білу;

Жөндеу жұмыстарын орындау бөлігінде нормативтік-құқықтық базаны білу;

 Жабдықты күрделі және тоқтату жөндеулерінің көпжылдық, жылдық, айлық кестелерін қалыптастырудың әртүрлі әдістемелерін білу;

ағылшын тілін білу (құпталады);

ERP, АБЖ ТП, АСКУЭ класс жүйелерінде жұмыс істеу дағдылары;

Өткен кезеңдердің деректері, нормативтер негізінде өндіріс қызметінің болжамды және нақты көрсеткіштерін есептеу, көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты талдау дағдылары;

Өндіріс жоспарын қалыптастыру үшін сценарий шарттарының әртүрлі параметрлерін талдау дағдылары;

Өндірістік талдау дағдылары, оның ішінде өндіріс көрсеткіштерін есептеу;

Еншілес және тәуелді ұйымдарды басқару дағдылары;

 Өндірістік активтердің сенімділігін арттыру үшін үздік тәжірибелерді қолдану дағдылары;

 Электр станцияларының жедел жұмыс режимін талдау және бақылау және диспетчерлік кестені сақтау дағдылары;

Күрделі құрылыс, жөндеу және компания жабдықтарының сенімділігін арттыру саласындағы соңғы үрдістер мен үздік тәжірибелерді білу;

ҚР салалық және инвестициялық заңнамасын білу;

Инвестицияларды қаржыландыру нысандары мен әдістерін, инвестициялық жобаның өмірлік циклінің кезеңдерін, инвестициялық жобаны сараптаудың әдістемелік негіздерін білу;

Жобаларды басқарудың модельдері мен әдістерін, жобалық менеджменттің тәсілдері мен құралдарын білу;

Жабдықты диагностикалау әдістемелерін, ақаулар мен істен шығулар сыныптауышын білу;

Жабдықтың сенімділігінің нысаналы деңгейіне қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды талдау, әзірлеу және енгізу қағидаттарын білу;

 Жобаларды басқарудың ұлттық және халықаралық стандарттарын практикада қолдану дағдылары, жобаларды басқарудың негізгі қағидаттарын білу;

Инвестициялық жоспарлау дағдылары;

Іскерлік хат алмасу дағдылары.

Қажетті қабілеттер

  • 9) Знание лучших практик управления надёжностью производственных активов
  • 15) Знание английского языка (желательно).
  • 1) Опыт формирования стратегических инициатив производства компаний электроэнергетической отрасли;
  • 2) Опыт формирования и мониторинга производственных программ энергетических компаний;
  • 4) Опыт автоматизации производственных процессов;
  • 5) Опыт экспертизы инвестиционных проектов компании по технологической части;
  • 8) Знание экономики производства и опыт формирования базовых затрат;
  • 16) Навыки работы в системах класса ERP, АСУ ТП, АСКУЭ;
  • 19) Навыки производственного анализа, в т.ч расчёт показателей производства

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман