«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Ақмола ЖТ бөлімшесі» филиалының Бурабай курорты -1 класты станция (техникалық жұмыс бойынша) бастығының орынбасары
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- серіктестіктің жергілікті актісінде көзделген тәртіппен станцияның техникалық-өкімдік актісін, технологиялық процесін әзірлеуге қатысады;
- серіктестіктің жергілікті актісінде көзделген тәртіппен станцияның техниалық-өкімдік актісін станция жұмысының технологиялық процесімен салыстырып тексеруге қатысады;
- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексерулер (оның ішінде кенеттен) жүргізеді, оның ішінде :
-станция жұмысының техникалық-өкімдік актісі мен технологиялық процесінің талаптарын орындау;
-жүк және жолаушылар поездарын қабылдау, жөнелту және өткізу, маневрлер жүргізу, вагондарды тежегіш башмактармен бекіту қағидаларын орындау;
-станцияда вагондарды бекітуге арналған тежегіш башмактар мен құрылғылардың жарамдылығы мен сақталуының болуы;
-пойыздарды қалыптастыру және вагондарды пойыздарға қою дұрыстығы;
-сұрыптау дөңесінің жұмыс технологиясын сақтау;
-поездық және техникалық құжаттаманы жүргізудің дұрыстығы
- "Қозғалыс қауіпсіздігі күні" тақырыбы бойынша тексерулер жүргізеді
- поездарды қабылдау және жөнелту, маневрлік жұмыстарды жүргізу, вагондарды бекіту кезінде станция бойынша кезекші, локомотив машинисі және станция қызметкерлері арасындағы келіссөздерді тіркеушінің жазбаларын тыңдау арқылы келіссөздердің дұрыстығына тексеру жүргізеді;
- тежегіш башмактар мен вагондарды бекітуге арналған құрылғылардың бар-жоғын, жарамдылығын және сақталуын тексереді және кемшіліктер анықталған жағдайда оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
- станциядағы техникалық құралдардың жұмысына талдау жүргізеді және олардың жұмыстан бас тартуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;
- станцияның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, қозғалыс қауіпсіздігі, өндірістік қауіпсіздік мәселелерін шешу және әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу үшін станция аумағында өз қызметін жүзеге асыратын компанияның, серіктестіктің барлық құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінің қатысуымен "Станция бастығы күнін" өткізуге қатысады
- станцияның техникалық құралдарына комиссиялық айлық тексеру жүргізеді;
- "ҚТЖ"ҰҚ" АҚ локомотив және вагон депосы мен филиалдарының мамандырын - сигнал беру және байланыс, жол, электрмен жабдықтау дистанцияларын тарта отырып, поездар қозғалысына байланысты станция қызметкерлерімен техникалық сабақтар өткізеді;
- өндірістік қауіпсіздктің жай-күйіне ішкі бақылаудың 3 сатысын жүргізуге қатысады;
- өндірістік қауіпсіздіктің жай-күйіне ішкі бақылаудың 2 сатысын жүргізеді;
- қызметкерлермен мінез-құлық қауіпсіздік диалогын жүргізеді;
- қызметкерлердің технологиялық процестерді орындауды кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай кұйіне ішкі бақылау жүргізеді
Біліктілік талаптары:
- Білім: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
- Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы (теміржол көлігі);
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымдарында кемінде 2 жыл, станциялық/маневрлік диспетчер 1,2 классаты станция бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 3 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)