«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Ақмола ЖТ бөлімшесі» филиалының тасымалдауды ұйымдастыру және шарттары бөлімінің жетекші инженері

от 360720
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
265

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • ф.ГНУ-2  станцияларда жасалған коммерциялық актілердің және ф.ГНУ-3 жауапты  тергеуге түскен актілердің есебін жүргізеді
  • ЖТ бөлімшесі станцияларында жасалған және жауапты тергеуге түскен коммерциялық актілердің есебін жүргізеді»ҚТЖ-Жүк тасымалы»ЖШС филиалы станцияларына шағымдарды қарау бөліміне тарады
  • Сақталмаған тасымалдар бойынша түскен шағым-талаптар бойынша тергеу жүргізу үшін құжаттар дайындайды
  • Сақталмаған тасымалдар мен түскен жауаптар бойынша станция басшыларына берілген акт материалдары бойынша көлік прокуратурасымен салыстыру жүргізеді
  • Тасымалданатын жүктердің сақтығы бойынша айлық өткізу кезінде есептерді дайындайды, құжаттарды ресімдейді
  • Акт-іздестіру үстелі, актілі іс-жүргізу бойынша тауарлық кассирлер мен жүк және багажды қабылдап тапсырушыларға нұсқаулық береді
  • Жүк тасымалы шарттары мәселелері бойынша кәсіпорындар мен құрылымдық бөлімшелермен хат алмасу жүргізеді
  • ЖТ бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес тасымалданатын жүктердің сақтығы бойынша сараптама дайындайды
  • Сату базасына жіберілген талап етілмеген жүктердің есебін қадағалайды,есеп дайындайды
  • Сақталмаған тасымалдар кезінде жүктердің есебін бақылайды

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
  • Мамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігі), теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс, теміржол көлігіндегі көлік логистикасы
  • Жұмыс тәжірибесі: жұмыс бейіні бойынша кемінде 3 жыл, тиісті бөлімінің инженері және тауар кассирі/жүк пен багажды қабылдау-тапсыру лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)