"ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС - "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Макинка 2-класс станциясының жүк және багажды қабылдап-тапсырушысы

от 199670
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
471

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • 08 сағат 45 минутта және 20 сағат 45 минутта кезекшілікке келе отырып, ауысымға арналған жұмыс жоспарымен, жолдарға жағдаймен, келіп түскен жеделхаттармен танысу үшін және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқама алу үшін планерлік кеңестерге қатысуға міндетті
  • ол қызмет көрсететін участкедегі ережемен танысу, кірме жолдарға берілген вагондарға қажетті құжаттардың және станция жолдарында беруді күтіп тұрған құжаттардың (вагон парақты, жалпы нысандағы актілер, вагондарды бру және жинау жадынамалары, ГУ-46 ведомостары және т.б.) болуын тексеру
  • ауысымды тапсырушы қабылдау-тапсырушыдан жергілікті түсіруге келген вагондарға барлық есепке алу құжаттарын қабылдау (вагон парақты, жалпы нысандағы актілер, ГУ-45 жадынамалары, ГУ-46 ведосматары)
  • ілеспе станциялардың жалпы нысанындағы актілерді қабылдау, есеп кітаптарын жүргізу ГУ-78, ГУ-44, ГУ-36, ГУ-34, ГУ-2
  • жүк тиелген вагондарды және бос вагондарды коммерциялық тұрғыдан тиеуге тапсыру, тиісті құжаттарды ресімдеу, сондай-ақ соңғысынан түсіру мен тиеуді қабылдау
  • жөнелтушілер мен алушылардың тасымалдау процесін, жүктерді тасымалдауға байланысты операцияларды, құжаттарды ресімдеуді және актілер жасауды, арнайы зерттеулер мен сараптамалар жүргізуді жоспарлау, жүзеге асыру қағидалары мен технологиясын сақтауын бақылау, жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттары СМГС 14 қосымшасы және басқа да басшылық нұсқаулар
  • вагондардың жүк көтергіштігі мен сыйымдылығының толық пайдаланылуын кірме жолдардағы вагондардың тоқтап қалу нормаларының орындалуын бақылау
  • вагон парақтарын, жалпы нысандағы актілерді вагондарды беру және жинау жадынамаларын, вагондарды беру және жинау ведомостарын және станциялық коммерциялық есептілікті жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың ережелерін ескере отырып, басқа құжаттарды сапалы және уақтылы ресімдеу ЦФ-3504
  • пломбалардың болуын, жай-күйін люктер мен есіктердің борттардың жабылу тығыздығын, ашық жылжымалы құрамда жүктердің дұрыс бекітілуін люктер қақпақтары мен цистерналардың төгу аспаптарының жабылу тығыздығын анықтау үшін вагондарды контейнерлерді коммерциялық тексеруді жүргізеді, содан кейін вагондарды беру және жинау жадынамасында қол қойызға отырып, вагонды жүк алушының өкіліне береді
  • жүк алушыны ГУ-2 жауапты жүк алушылардың Т А Ә хабарламаның телефондары мен уақыты жазылған түсіруге арналған вагондардың келгені туралы уақтылы хабардар етеді, алушысы түсініксіз вагондардың келуінен кейін жөнелту станциясына жедел хабарлау үшін жалпы нысандағы актіні уақтылы ресімдейді

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары , орта (кәсіби және техникалық)
Мамандығы; теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару, коммерциялық қызмет
Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмай, орта : 3 жылдан кем емес, поездарды қабылдаушы лауазымында кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташа)
  • Орыс тілі (Озат)