4-разрядты ауа бөлу аппаратшысы уран өндірісінің азот-сутегі-оттегі станциясы

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
383

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

-

Білім:

Техникалық және кәсіби деңгейден төмен емес

Дағдылар:

Білуі тиіс: физика, химия және электротехника негіздері; аргон өндірудің технологиялық схемасы; оттегі және аргон қондырғылары жабдықтарының жекелеген агрегаттары мен тораптарының құрылысы және олардың оттегі, аргон және азот өндірісінің жалпы технологиялық схемасында белгіленуін; аппаратураларды, жабдықтар мен сыйымдылықтарды жуу және сынау тәсілдерін; қондырғылардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының, сақтандыру құрылғылары мен сигнал беру құралдарының құрылысы және белгіленуі; шығарылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды; жабдықты, арматураны және аппаратураны жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу ережесі. Білуі тиіс: оттегі, азот-оттегі және оттегі-аргон қондырғыларында (агрегаттарында) оттегі мен азот өнімділігі 100-ден 800 текше м/сағ дейін, шикі аргон 15 текше м/сағ дейін және сұйық оттегі мен азот 500 л/сағ дейін шикі аргонды іріктей отырып, газ тәрізді оттегі мен азот өндірудің технологиялық процесін жүргізу; ауаны бөлу блогын, ацетилен адсорберлерін технологиялық жылытуды жүргізу; адсорбциялық құрғату құрылғыларын регенерациялауды жүргізу; газгольдердің, рампаның, сұйық оттегі сорғысының, детандердің жай-күйін, коммуникациялар мен аппаратуралардың герметикалығы мен ақаусыздығын бақылау; қондырғы жабдықтары мен аппаратураны орташа және күрделі жөндеуге қатысу; сақтандыру құрылғыларын, желдеткіш қондырғыларын, телефон және жарық-дыбыс сигнализациясын бақылау.

Қосымша:

Болжамды еңбек ақы мөлшері: 141 372 теңгеден 293 149 теңгеге дейін; Еңбек жағдайларының сипаттамасы: бір айда максималды доза 0,42 мЗв асатын болса құрамында радон және олардың қысқа өмір сүретін еншілес ыдырау өнімдері көп болған жағдайдағы мерзімді жұмыстарға байланысты зиянды еңбек жағдайлары

Білетін тілдер:

-