«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Магистральдық желі дирекциясы» инвестициялық жоспарлау департаментінің инвестицияларды жоспарлау жөніндегі функционалдық бағытының менеджері (15 грейд)

от 382762
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
343

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған  Техникалық даму департаментінің қызметін инвестициялық жоспарлауды жүргізеді;
  • Техникалық даму департаментінің инвестициялық жобаларының портфелін айқындайды;
  • Техникалық даму департаментінің  инвестициялық жобалары бойынша инвестициялық жобаларды оларды іске асыру қажеттілігі туралы мақұлдау мақсатында дирекцияның Инвестициялық комиссиясының қарауына шығару жөнінде материалдар дайындайды;
  • Техникалық даму департаментінің инвестициялық жобалары бойынша негіздеуші материалдардың (инвестициялық өтінімдердің) қалыптастырылуын және түзетілуін бақылауды жүзеге асырады;
  • қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған  Техникалық даму департаментінің жобалары бойынша күрделі салымдар жоспарының жобасын қалыптастырады және түзетеді;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне және көлік министрлігіне  Техникалық даму департаментінің  жобалары бойынша инвестициялық бағдарламалар жобасын қалыптастырады және түзетеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білім: жоғары;
  • Мамандығы:  Экономика; Есеп және аудит; Қаржы; Менеджмент; құрылыс (теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс; электр энергетикасы және басқаруды автоматтандыру; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар).
  • Жұмыс тәжірибесі  Қызмет бейіні бойынша: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы