Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 4 разрядты электрмонтер Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі 4 разрядты электрмонтер
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
-Білім:
Техникалық және кәсіби деңгейден төмен емесДағдылар:
Білуі керек: электроника негіздерін; тұрақты және ауыспалы ток электр қозғалтқыштарының, қорғау және өлшеу аспаптарының, коммутациялық аппаратураның әртүрлі типтерінің құрылымын; электр қозғалтқыштары мен электр аппараттарын тексерудің, жөндеудің, құрастырудың, орнатудың және қызмет көрсетудің неғұрлым ұтымды тәсілдерін, оларды артық кернеуден қорғау тәсілдерін.; релелік қорғаныстың мақсаты; барынша ток қорғанысының жұмыс істеу принципі мен схемасы; ток жүктемесіне байланысты сымдардың, балқымалы ендірмелердің және қорғаныс аппараттарының қималарын таңдау; жартылай өткізгіш және басқа да түзеткіштердің құрылысы мен жұмыс қағидаты; барлық үлгідегі электр сымдарын орындауға қойылатын техникалық талаптар; жөндеу кезінде қолданылатын электр оқшаулау және жүргізілетін материалдардың номенклатурасы, қасиеттері және өзара алмасушылығы; жөндеуден кейін іске қосу-реттеу аппаратурасы бар электр жабдығын реттеу-тапсыру жұмыстарын жүргізу және тапсыру әдістері; қызмет көрсетілетін жабдықты баптаудың негізгі электрлік нормалары, оларды тексеру және өлшеу әдістері; жабдықтың, қоректендіру көздерінің жұмыс істеу принципі; күрделі бақылау-өлшеу құралының құрылысы, мақсаты және қолдану шарттары; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың конструкциясы; 1000 В дейін электр қауіпсіздігі бойынша III рұқсат тобынан төмен емес көлемде электр қондырғыларында жұмыс істеу нормалары мен қағидалары. Орындай білуі тиіс: біліктілігі анағұрлым жоғары электр монтерінің басшылығымен кез келген мақсаттағы, барлық типті және габаритті электр жабдықтарын бөлшектеуді, күрделі жөндеуді жүргізу; жөндеуден кейін электр жетектерінің аппаратуралары мен аспаптарын реттеу және тексеруді жүргізу; күшейткіштерді, жарық және дыбыс сигнализациясының аспаптарын, контроллерлерді, басқару бекетін, магниттік станцияларды жөндеуді жүргізу; қосудың күрделі схемалары бар күштік және жарықтандыру электр қондырғыларына қызмет көрсетуді жүргізу; ведомстволық электр станцияларында, трансформаторлық электр қосалқы станцияларында оларды кернеуден толық ажыратып жұмыстарды орындау; трансформаторларды, ажыратқыштарды, айырғыштарды және олардың жетектерін құрылымдық элементтерді бөлшектей отырып, электр желілерінде жедел ауыстырып қосуды орындау; люминесцентті жарықтандыру схемаларын тексеруді, монтаждауды және жөндеуді жүргізу; кернеуі 35 кВ дейінгі кәбіл желілеріндегі енгізу құрылғылары мен жалғағыш муфталарды, шеткі бітеулерді монтаждау, тарқатуды, бөлуді, мөлшерлеуді, кәбілді төсеуді жүргізу; кәбілдердің зақымданған жерлерін анықтауды, жерге қосу кедергісін, кәбіл қабығындағы әлеуеттерді өлшеуді жүргізу; орташа күрделілікті қосу схемаларымен электр жабдықтарының істен шығуы мен ақаулықтарын анықтауды және жоюды жүргізу; жұмсақ және қатты дәнекерлермен дәнекерлеуді жүргізу. Сызбалар мен схемалар бойынша жұмыстарды орындау; электр қозғалтқыштары үшін іске қосу кедергілерін іріктеуді жүргізу; кернеудің артып кетуінен қорғау құрылғыларын (КАҚҚ) тексеруді, қарап-тексеруді және жөндеуді жүргізу.Қосымша:
Болжамды еңбек ақы мөлшері: 141 372 теңгеден 293 149 теңгеге дейін; Еңбек жағдайларының сипаттамасы: бір айда максималды доза 0,42 мЗв асатын болса құрамында радон және олардың қысқа өмір сүретін еншілес ыдырау өнімдері көп болған жағдайдағы мерзімді жұмыстарға байланысты зиянды еңбек жағдайларыБілетін тілдер:
-Ұқсас вакансиялар
Уран өндірісінің азот-сутегі-оттегі станциясы 4-5 разрядты слесарь-жөндеуші
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
31.12.2024 | 812
Уран өндірісінің азот-сутегі-оттегі станциясы бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь 4-5-6 разряд
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
28.12.2024 | 1314
Уран өндірісінің "Р" цехы 4-разрядты аппаратшы
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
28.12.2024 | 603