"ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС - "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы БДБО бағыттар бойынша аға диспетчері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- белгілі бір өңірдің (ГП бөлімшесінің) поездық және жүк жұмыстарының ауысымдық-тәуліктік жоспарының тапсырмаларын орындауды жедел мониторингтеу
- поездық және жүк жұмысы жоспарының орындалуын РЦУП поездық диспетчерлері және станция диспетчерлері арқылы тәулік бойы бақылау
- поездардың учаскелер бойынша ілгерілеуі тіркелетін поездардың орындалған қозғалысының қысқартылған графигін, поездар, жұмыстағы бұзушылықтар және олардың туындау себептері туралы мәліметтерді енгізу
- 3 сағаттық кезең бойынша орындалған қозғалыс кестесінде поездық жағдай жасау
- бағыттар бойынша жедел және пайдалану жағдайын, вагондар паркінің орналасқан жерін, транзиттік, жергілікті және бос вагондардың дәлдігін, участкеге жақындаудағы поездық жағдайды, локомотивтердің, әсіресе түйесу пункттері бойынша болуын білу үшін ақпарат жинау
- ауысымдық-тәулікті жоспарға сәйкес өз бағытындағы РҚАО-ның ішкі және сыртқы түйесу пунткттері бойынша поездар алмасуын бақылау
- ішкі және сыртқы түйіспелер бойынша поездар астындағы локомотивтердің уақтылы қамтамасыз етілуін бақылау
- темір жол көлігінде авариялық жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын және жүргізілуін бақылау
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)Мамандығы; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)
Жұмыс тәжірибесі: лауазымдарда кемінде 3 жыл: бөлімше бойынша кезекші/поездық (тораптық) диспетчер
Қосымша талаптар:
АСУ МР, ГИД Урал, WinTerm ақпараттық жүйелерімен жұмыс тәжірибесі, Компания жұмысының пайдалану көрсеткіштерін білуҚажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташа)
- Орыс тілі (Озат)