Желі ресурстарымен басқару жөніндегі директор

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
375

   Конкурс туралы

Міндеттері:

"Қазақтелеком" АҚ телекоммуникация желілерін техникалық пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті ұйымдастыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және техникалық бағыт шығындарын оңтайландыру мақсатында бизнес-процестер мен технологиялық карталарды жетілдіру.

Тиісті сапамен телекоммуникация қызметтерін уақтылы ұсынуды ұйымдастыру және бақылау
Желідегі бұзылымдарды жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, байланыс әрекетін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге және авариялар мен бұзылымдардың себептерін тексеруге басшылық ету
ОБ және КСБ орындалуын бақылау, артық шығынға жол бермеу. Жедел бақылау және басқару, оның ішінде "Қазақтелеком" АҚ желілерінің ресурстарына тәулік бойы техникалық қызмет көрсету процестеріне басшылық ету
Кәсіпорынның өндірістік қызметіне қатысты мәселелер бойынша бөгде ұйымдарда кәсіпорынның мүдделерін білдіру. ЖДБ -да БМЖ жұмыс қалпында ұстау және жақсарту бойынша іс-шараларға қатысу.

Талаптары:

Желі ресурстарымен басқару жөніндегі директордың жоғары кәсіби (техникалық) білімі және телекоммуникация саласында басшылық лауазымдарда кемінде 7 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр