Менеджер/жетекші менеджер Материалдық-техникалық қамтамасыз ету орталығы

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
234

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1. БӨ және ТӨ үшін шикізат нарығына маркетингтік зерттеулер жүргізеді. 2. БӨ және ТӨ үшін шикізат жеткізушілерінің коммерциялық ұсыныстарын қарастырады. 3. БӨ және ТӨ үшін шикізатты жеткізушіні бәсекелестік іріктеу рәсімдерін жүогізеді. 4. БӨ және ТӨ үшін шикізатты сатып алуға келісімшартқа дейінгі дайындықты жүзеге асырады. 5. БӨ және ТӨ үшін қолданыстағы және әлеуетті шикізат жеткізушілермен келіссөздер мен хат алмасуды ұйымдастырады және жүргізеді. 6. БӨ және ТӨ үшін сатып алынатын шикізатқа техникалық ерекшелік әзірлейді. 7. БӨ және ТӨ шикізатпен қамтамасыз ету жоспарының жобасын қалыптастырады. 8. БӨ және ТӨ үшін шикізатты сатып алуға келісімшарт жасасуға өтінімдерді ресімдейді. 9. БӨ және ТӨ үшін шикізат берушілердің келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. 10. «ҮМЗ» АҚ сатып алу категориялық стратегиясына байланысты құжаттардың жобаларын әзірлейді. 11. СДҚ жұмыскерлеріне БӨ және ТӨ үшін шикізат сатып алуға байланысты мәселелер бойынша кеңес береді. 12. БӨ және ТӨ үшін шикізатты сатып алу бөлігінде сатып алу процесін жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге қатысады. 13. БӨ және ТӨ үшін шикізатты сатып алу бөлігінде сатып алу процесін іске асыру туралы ақпарат дайындайды. 14. Өндірістік сұрақтар бойынша, БӨ және ТӨ үшін шикізат сатып алу бөлігінде қызметтік тергеуге қатысады. 15. Жеткізушілермен жедел хат алмасуға қатысады. 16. Менеджмент жүйесінің аудиттерін жүргізуге қатысады. 17. Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттаманың жоғы немесе толық жиынтығы туралы орталық бастығына уақтылы жеткізеді. 18. «ҮМЗ» АҚ менеджмент жүйесінің құжаттамасын әзірлейді және өзектендіреді (өз жауапкершілігі бөлігінде). 19. Тапсырмаларды орындауды реттейтін құжаттаманың барлық түрлерін жетілдіру бойынша ұсыныстар береді. 20. Орталықтың бастығы және менеджмент жүйесінің уәкілі жолдаған құжаттамамен уақтылы танысады. 21. Сәйкессіздіктерді тіркеуге және талдауға, себептерін анықтауға, түзету (ескерту) әрекеттерін қабылдау қажеттілігін бағалауға қатысады. 22. Жұмыстардың нәтижелілігін арттыру және өз құзыреті саласындағы жұмыстардың орындалуын регламенттейтін құжаттаманың барлық түрлерін жетілдіру үшін іс-шараларды, сондай-ақ «Сатып алу» процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды талқылауға, әзірлеуге және іске асыруға қатысады. 23. Мәселелерді «Сапа күнінде» қарауға дайындауға қатысады және қабылданған іс-шаралардың орындалуын бақылайды (өз жауапкершілігі бөлігінде). 24. Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген тәртіпте персоналды оқытуды жүзеге асырады.

Білім:

Экономикалық, инженерлік-техникалық, менеджмент немесе маркетинг бағыттары бойынша жоғары

Дағдылар:

Менеджер үшін ДЭЕМ және кеңсе жабдықтарын пайдаланушы деңгейінде игере білу. Іскерлік хат және іскерлік қарым-қатынас дағдылары / жетекші менеджер үшін аудармашы дағдылары

Қосымша:

-

Білетін тілдер:

Шет тілін білу (жақсырақ ағылшын тілін білу мақұлданады)