«KEGOC» АҚ «Орталық жүйеаралық электр тораптары» филиалының Жүйелік қызметтер бөлімінің 1 санатты маманы

Жалақы көрсетілмеген
"KEGOC" АҚ Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
279

   Конкурс туралы

Негізгі лауазымдық міндеттер:

1) ӘЖ бойынша электр энергиясының ағындары туралы, шекаралас субъектілер желілерінен электр энергиясының түсуі және шекара маңындағы субъектілер желісіндегі ӘЖ және "Филиал" қосалқы станцияларынан электр энергиясының босатылуы туралы деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;

2) "Филиалдың" (өңірдің) электр энергиясының (техникалық және коммерциялық) желілері мен негізгі энергия тораптарының теңгерімдерін жасауға қатысады.

3) "Филиал" қосалқы станцияларының балансын есептеуді жүзеге асырады, қажетті ілеспе құжаттарды қалыптастырады;

4) ӘЖ және "Филиал"қосалқы станцияларындағы нақты шығындардың есебін орындайды;

5) шектесетін ЭҚК субъектілерінің электр энергиясы шығысының актілеріне кіріс бақылауын жүзеге асырады;

6) шекаралас субъектілермен "Филиал" бөлімінің шекарасында есептегіштердің көрсеткіштерін алу және салыстыру актілерін қалыптастырады;

7) Жезқазған және Қарағанды энергия тораптарындағы "Филиал" желілерінен электр энергиясын босату актілерін қалыптастырады;

8) техникалық диспетчерлеу бойынша көрсетілген қызметтердің көлемін айқындау үшін өңірлік энергия өндіруші ұйымдардың шиналарынан кернеудің барлық сыныптарының желілері бойынша электр желілеріне жіберілген электр энергиясының көлемін олардың теңгерімдік тиесілігіне қарамастан салыстыру актілерін қалыптастырады;

9) теңгерімді ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтердің көлемін айқындау үшін теңгерімді БРЭ - провайдерлер субъектілерінің электр энергиясын өндірудің (босатудың) – тұтынудың нақты көлемдерін салыстыру актілерін қалыптастырады;

10) КЕGOC АҚ департаменттеріне жетекшілік ететін "Филиал" бөлімшелері үшін деректер мен анықтамаларды дайындауға қатысады;

11) негізгі қызмет бойынша шарттарға қосымшаларды дайындауға қатысады; 12) энергия тораптарының, энергия аудандарының, ЭҚК субъектілерінің, баланс провайдерлерінің электр энергиясын есепке алудың есептік формулаларын айқындауға қатысады, қажетті құжаттамалар мен технологиялық кестелерді жүргізеді.

13) жылдық есепке деректерді дайындауға қатысады;

14) электр энергиясын есепке алу аспаптарын ауыстыру және тексеру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

15) электр энергиясын есепке алу және бөлу міндеттері үшін ДК-де деректерді өңдеуді автоматтандыруға қатысады;

16) "Бөлім" және "Филиал"қызметіне байланысты басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.

Талаптар: 

  • жоғары білім.
  • білім беру бейіні – техникалық, инженерлік-экономикалық.
  • қажетті жұмыс тәжірибесі – энергетика саласындағы II санатты маман лауазымында 3 жыл.
  • қазақ, орыс тілдерін білу.

Шарттары:

  • ДС-ЖМ, 8:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліс 12:00-ден 13:00-ге дейін, сенбі-жексенбі – демалыс;
  • Жұмыс орнына уақытында келу шартымен Қарағанды қаласында тұру міндетті.

Түйіндемені қабылдау 2024 жылдың 18 қазанға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)