«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының Атырау сигнализация және байланыс дистанциясы – «Магистральдық желі Атырау филиалы» ММ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері.

402420 - 420497
Атырауская дистанция сигнализации и связи Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
171

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауын, еңбекті қорғау құралдарын, жеке қорғану құралдарын дұрыс пайдалануын, аспаптарды, машиналарды, механизмдерді, электрден қорғау және сақтандыру құралдарын сынау мерзімдерінің сақталуын, жұмысшылардың арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін, жұмысшылардың арнайы сабынмен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады; 
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлердің білімін тексеру кестесін жасайды, білімін тексеру кезінде комиссияға қатысады, білімін тексеру нәтижелерін тиісінше ресімдеуді қамтамасыз етеді, жаңадан қабылданған қызметкерлерді уақтылы оқытуға және білімін тексеруге бақылауды жүзеге асырады; 
  •  Жазатайым оқиғаларды тексеруге, олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге, жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің есебін жүргізуге, ҚР Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкес жазатайым оқиғаларға жол беру кезінде өндірістік жарақаттанудың себептерін талдауға қатысады;
  • Еңбекті қорғауға арналған қаражаттың игерілуі туралы есептер жасайды, еңбекті қорғаудың жай-күйіне талдау жүргізеді, еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша есептілікті тоқсан сайын ағымдағы айдың 30-күніне дейін  жүргізеді;
  • Кіріспе және алғашқы нұсқамалар бағдарламасын әзірлейді, жаңадан қабылданған қызметкерлерге, іссапарға жіберілгендерге, қызметкерлерді қабылдау кезінде өндірістік оқуға немесе практикаға келген оқушылар мен студенттерге кіріспе нұсқаманы өткізуді жүзеге асырады;
  • Жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларда белгіленген іскерлік этика және корпоративтік мәдениет нормаларын сақтау;
  • Дистанция  басшылығмен  бірлесіп  өндірістік  қауіпсіздік  жағдайын  тексеруге  қатысады,  цехтарда  ішкі (үш  сатылы)  бақылауды  жауапты  тұлғалардың  уақтылы  жүргізуін  және  тексеру  нәтижелерінің  тиісінше  ресімделуін  бақылауды  жүзеге  асырады  ай  сайын  тексеру  кестесіне  сәйкес;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының, мемлекеттік органдар актілерінің,  акционердің нормалары мен талаптарының және Қазақстан Республикасының заңнамасына қатысты өзге де құжаттардың сақталуы;
  • Жұмыс орындарында қауіпсіздік талаптарын белгілейтін жоспарлардың, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады тұрақты ай сайын;
  • құпиялылық нормаларын және Компанияның жергілікті актілерін бұзбай дұрыс ақпаратты уақтылы ұсыну;

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе  жоғары  оқудан  кейін)
  • Саласындағы  мамандық: Теміржол  көлігіндегі  автоматтандыру  және  басқару;  Теміржол  көлігінде  радиотехника, электроника  және  телекоммуникация;      Теміржол  көлігінде  автоматика, телемеханика  және  байланыс;
  • Еңбек  өтілімі: 2  жылдан  кем  емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр