"ҚТЖ - Қостанай Жүк тасымалдау бөлімшесі"ЖШС АБЖ бөлімінің жетекші инженер-технологы

360720 - 373404
НОД-2 (Костанайское отделение ГП) Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
85

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері
  • Қостанай өңірінің станцияларында шарттық коммерциялық жұмысты басқарудың автоматтандырылған жүйесінің жұмысына бақылау жүргізу ; Қағазсыз және қағаз технологиялары бойынша ресімделген ДКР АБЖ және АГКР АЖО жүйесінде ресімделген тасымалдау құжаттарының саны, станция қызметкерлері жіберген ақпаратты енгізу қателіктерінің болуы бойынша есептер дайындау;
  • Жеделхаттарды жолдау және тасымалдарды жедел басқарудың автоматтандырылған жүйесінің жолдың вагондық және контейнерлік модельдерінің туындайтын түзетулеріне бақылау жүргізу;
  • Компьютерлік техника мен ұйымдастыру техникасын пайдалануға беру, жанармай құю, техникалық қызмет көрсету, есептен шығару бойынша есептілікті жүргізу; Е - Telegram автоматтандырылған жүйесін басқару;
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Математикалық және компьютерлік модельдеу Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл, оның ішінде: инженер (1 санат)/поездық диспетчер/ станция бойынша кезекші/ станция инженері (технологиялық процесс және станция ТРА, АБЖ бойынша) / поездық ақпаратты және тасымалдау құжаттарын өңдеудің станциялық технологиялық орталығының бастығы лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман