«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Ақмола ЖТ бөлімшесі» филиалының еңбекті нормалау жөніндегі 1 санатты инженер-технологы

от 282234
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
195

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • еңбекті нормалау мәселелері бойынша жұмысты жоспарлау
  • Курорт-Бурабай станциясы және желілік станциялар (Джамантуз,Жасыл,Макинка,Ельтай,Аккуль,Шортанды,Танкерис) бойынша жұмыс уақытының мерекелік және түнгі сағаттардың теңгеріміне сәйкес жұмыс уақытын есепке алудың табель-кестесін тексеру,
  • жұмыс уақытын есепке алу кестесі-табель негізінде жұмыс уақытын, үстеме сағаттарды пайдалану бойынша есеп жасау
  • есеп айырысу парақтарының негізінде Курорт-Бурабай станциясы және желілік станциялар бойынша жұмыс уақыты балансының, лауазымдық айлықақылардың, қосымша ақылардың, үстемеақылардың мерекелік және түнгі сағаттардың сәйкестегіне италдау жасау
  • сыйлықақы мөлшерін айқындау; қызметкерлерге сыйлықақы беру туралы қолданыстағы Ереженің негізінде тоқсандық, жылдық, сыйлықақыны төмендету немесе одан айыру туралы бұйрықтарды орындау, қызметкерлердің сыйлықақы алуға арналған тізімдерін жасау
  • желілік станциялардың бастықтарына жұмыс уақытының теңгерімін жеткізу
  • өтемдік үстемеақыны қолданудың дұрыстығын бақылау және қамтамасыз ету
  • тарифтік ставкаладрың, лауазымдық айлықақылардың, кідірістердің қосымша ақылар мен үстемеақылардың дұрыс қолданылуын бақылау
  • лауазымдарды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы төлеуге, қызмет көрсету аймақтарын кеңейтуге, станцияның сыныптылығына, орнын ауыстыруға, зиянды еңбек жағдайларына, үстеме жұмыс сағаттарына демалыс күндері жұмысқа ақы төлеуге қызметтік жазбалар жасау
  • ҚР Министріліг бекіткен нормативтік санға сәйкес лауазымдық қызметкерлер бойынша қызметкерледің нормативтік санын есептеу, нақты өндірістік штаттың есеп айырысу музға сәйкестігін талдау

Біліктілік талаптары:

  • Білімі; жоғары және орта (кәсіби және техникалық)
  • Мамандығы; көлік, көлік техникасы және технологиялары, тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
  • Жұмыс тәжірибесі: жұмыс бейіні бойынша маневрлік (станциялық) диспетчер, станция бойынша кезекші, орталықтандыру станциясының кезекшісі, парк бойынша кезекші лауазымында кемінде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)