Вагондарының қозғалыс жылдамдығын реттеуші "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Семей ЖТ бөлімшесі" Семей станциясы, сыныптан тыс

214731 - 225831
НОД-6 (Семейское отделение ГП) Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
65

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Кезекшілікті қабылдау кезде ауысымға қойылған жұмыс жоспарымен, сұрыптау жолдың қызмет көрсетілетін жолдарында жылжымалы құрамның орналасуымен танысу, қауіпті жүк тиелген вагондардың тұрған орнына, жолдарда өтпелердің бар-жоғына ерекше назар аудару;
ТБА станциясының талаптарына сәйкес  тежегіш табантіректердің және олардың жарамдылығын, қауіпті жүгі бар  вагондар тұрған сұрыптау жолдарындағы  қоршауларды, қызмет көрсетілетін жолдарда табантіреклақтырғыштардың және арнайы ашалардың жарамдылығын тексеру, кемшіліктер анықталған жағдайда аға ВҚЖР-ге баяндау, жарамсыз табантіректерді ауыстыру шараларын қолдану;
Сұрыптау дөңесінің кезекшісінен Арнайы журналға жазба енгізіп дөңәстен вагондарды тарату жұмыстарының жоспарын  алу, ВҚЖР – ді сұрыптау паркінің жолдар топтамасы және тежеу позициялары  бойынша вагондарды тежеу жұмысын есептей, тежеу сипатын ескере тұра ВҚЖҚ жұмыс орындарына бөлу, олардың еңбек міндеттерін орындауына бақылау жасау;
Тарату жұмысы басталарға дейін қызмет көрсетілетін  жолдарда болу, сұрыптау дөңесінің ұызмет көрсетілетін  жолдарды жұмысқа дайындау, олардың дөңес жағынан бос  болуын тексеру, қауіпті жүгі бар вагондардың қоршайтын тежегіш табантіректердің бар-жоғын тексеру, алдағы  ағытпаларды есептей тұра  тежегіш табантіректермен  қамтамасыз ету;
Ағытпаның салмағын, тежеу түрі мен сұрыптау жолдардың толтырылуын есептей тұра тежегіш табантіректі  төсеу орнын таңдау;
Тарату жұмыс кезінде ағытпаларды тежеу  жұмысын жолдарда тұрған вагондарға оның жақындау жылдамдығын белгіленген нормадан асырмай тіркеуімен жүргізу және ерекше абайлылықты қажет ететін ағытпалардың соқтығысуының  алдын алу;
Ағытпалар асқан жылдамдықпен жүрген кезде сұпыатау дөңесінің кезекшісіне тоқтату белгісін беру;
Тежегіш табантіректерді рельске  арнайы ашамен төсеу;
Кәсіпорын сапасының  аясындағы саясат талаптарына сәйкес өндірістік қызметін жүргізу;
Станция сұрыптау дөңесінің жұмысы бойынша нұсқаулыққа сәйкес тежеу жұмыстарын қалыпты жүргізу үшін тарату жұмысының басталу алдында жағдай жасау;

Біліктілік талаптары:

Білімі

орта

Жұмыс өтілі

еңбек өтіліне талап қойылмайды

Қосымша талаптар:

1) ауысымға тұру алдында міндетті түрде ауысым алдынғы, ауысымнан кейінгі медициналық тексеруден өту және жоспарлы мәжіліске қатысу,Нұсқаулықтар журналына датасын жазу және қолын қою;

2) Іскери этикасының кодексінде көрсетілген міндеттерді ұстану;

3) еңбек және орындаушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерін және жұмыс режимін сақтау;

4) осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген еңбек міндеттерін сапалы және уақытында орындау;

5) құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарын  орындау;

6) басшылардың  тапсырмаларын  орындау;

7) еңбек  келісімінің, Қоғамды корпоративтік басқару кодексінің және Қоғамның (жұмыс берушінің) басқадай жергілікті актілерінің талаптарын орындау;

8) Серіктестіктің және Компанияның қызметіне қатысы бар ҚР заңнамасының, мемлекеттік органдар актілерінің, Бірегей акционері актілерінің және басқа да құжаттарының  нормалары мен талаптарын  сақтау;   

9) Серіктестіктің және Компанияның жергілікті актілерінің талаптарын  және құпия нормаларын  бұзбай шүбәсіз ақпаратты уақтылы тапсырып тұру;

10) пайдалануындағы мүлікті ұқыпты ұстау мен оның бүлінбеуін қамтамасыз ету, сонымен бірген басқа қызметкерлердің мүлігіне  ұқыпты қарау;

11)  жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс санитария  талаптарын сақтау;

12) жұмыс орнында жинақылық және ұқыптылық таныту, еңбек міндеттерін атқарған кезде лауазымы бойынша бекітілген ерекшеліктер тағылған формалы киім кию;

13) Серіктестіктің  менеджментің автоматтандырылған жүйесінің \МАЖ\ қызмет процестеріне бекітілген талаптары сәйкес келмеуі жөнінде анықталған барлық оқиғалары  туралы басшылыққа хабарлау;

14) өзімен бірге сәйкесті жазбалар енгізілген қызметтік  куәлігін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау жөнінде емтихан тапсыру  туралы куәлігін және мед.тексеруден өту куәлігін алып жүру;

15) Серіктестіктің  басқа қызметкерлеріне сыйластықпен қарау, этика нормаларын  сақтау;

16) бекітілген жоспарға сәйкес техникалық сабақтарға қатысу, конспект жазу және  білім сынағынан өту;

17) әріптестері және басшылар жасаған ескертулер мен сынға дұрыс қарау, сонымен бірге келтірген қателерін уақытында мойындай білу;

18) жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін жоғарлату және жемқорлыққа бей-жай қарауға жол бермеу жағынан ұжым арасында қолайлы жағдай  жасалуын қамтамасыз ету;

19)  жемқорлық және құқықбұзу әрекеттерінің анық болған фактілері туралы мекеменің бірінші  басшысына дереу хабарлау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім