Пойыздарды құрастырушы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Семей ЖТ бөлімшесі" Семей станциясы (орналасу орны Бель-Агач станциясы, қызмет көрсету орны Аул және Бель-Агач станциялары), сыныптан тыс

255165 - 271814
НОД-6 (Семейское отделение ГП) Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
94

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Жолаушылар және жүк поездарына вагондарды тіркеу және ағыту жұмысы;
Вагондарды барлық кірме жолдарына және басқадай мамандандырылған жолдарға  қою, орындарын ауыстырып қою және осы жолдардан вагондарды алу жұмысын жүргізу, маневрлік диспетчерге бекітілген тежегіш табантіректер саны туралы баяндау, теміржол көлігінің объектілерінен  жүк және құнды материал ұрлау оқиғалары туралы станция бастығына,  станция бастығының оперативтік жұмыс жөніндегі және логистика  жөніндегі орынбасарларына, маневрлік диспетчерге, станция кезекшісіне дереу  хабарлау;   
Парктен  паркке құрамдар мен вагондарды ауыстыру жұмысын  жүргізу;
Станция ТБА және оның қосымшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес кірме жолдарына қойған және  олардан алған кезде, құрамдарды, вагондарды парктен паркке, бір маневрлік жұмыс ауданынан басқа ауданға  ауыстырған кезде вагондардың  автотежегіштерін  сынап көру;
Маневрлік жұмыс кезде  орталықтандырылмаған  бағыттар мен лақтырғыш үшкірлерді ауыстырып бұру және әрбір операциядан кейін  оларды қалыпты күйіне келтіру; 
Станцияда орнатылған лақтырғыш  үшкірлердің кілттерін және № 224 бағыттамалы бұрманың тоспа құлыптың кілтін қабылдау және қайтарып табыстау, осы жөнінде  сәйкесті журналдарға датасын жазып, қол қоюмен растау;
Құрамдарды сұрыптау дөңесінен таратқан кезде және  маневрлік жұмыс кезінде вагондарды  ағыту;
Станция ТБА  мен оның қосымшаларына сәйкес маневрлік диспетчерге, станция кезекшісіне баяндай тұра, станция және кірме  жолдарында вагондарды  тежегіш табантіректермен бекіту,  оларды доңғалақтар астынан алу;
Маневрлік жұмыс жүргізу алдында өзі жүріп өту арқылы жылжымалы құрамның, вагондардың, доңғалақ жұптарының, тиелген жүктің  күй-жайын тексеру,  станция және кірме жолдарында вагондардың астында  тежегіш табантіректердің, бөтен бөлшектердің, заттардың  болмауына көзін жеткізу. Қабылдау-жөнелту жолдарында жүргізген тексеру қорытындылары туралы станция кезекшісіне, сұрыптау дөңестегі –сұрыптау дөңес бойынша кезекшіге, басқа станциялық және кірме жолдарында – маневрлік диспетчерге маневрлік байланыс арқылы  баяндау. Құрастырылған құрамды сұрыптау паркі жолдарынан қабылдау-жөнелту парктердің жолдарына ауыстырып қою алдында ДСПГ шығарылған вагондар санын және соңғы вагонның нөмірін  салыстыру;
Маневрлік жұмысқа қатысатын барлық  жұмыскерлердің әрекеттерінің келістірілуін және дұрыс орнатылуын қамтамасыз етумен маневрлік жұмысқа басшылық жасау.

Біліктілік талаптары:

Білім

Белгіленген бағдарлама бойынша орта және арнайы дайындық

Жұмыс тәжірибесі

Поездар құрастырушының көмекшісі/ вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші лауазымдарында кемінде 1 жыл

Қосымша талаптар:

1) ауысымға тұру алдында міндетті түрде ауысым алдынғы, ауысымнан кейінгі медициналық тексеруден өту және жоспарлы мәжіліске қатысу

2) Іскери этикасының кодексінде көрсетілген міндеттерді ұстану,

3) еңбек және орындаушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерін және жұмыс режимін сақтау;

4) осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген еңбек міндеттерін сапалы және уақытында орындау;

   5) құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарын  орындау;

      

6) басшылардың  тапсырмаларын  орындау;

7) Қоғамның  жергілікті актілерімен белгіленген мерзімде қажетті шара қолдану және  қызметтік құжаттарды қарау мен шешім қабылдауда кеңсешілікке жол бермеу;

8) жалпы моральдық- этикалық  нормалармен белгіленген Іскери этиканың нормалары мен  корпоративтік мәдениетті сақтау;   

9) еңбек  келісімінің, Қоғамды корпоративтік басқару кодексінің және Қоғамның \ жұмыс берушінің\ басқадай жергілікті актілерінің талаптарын орындау;

 10) Серіктестіктің және Компанияның қызметіне қатысы бар ҚР заңнамасының, мемлекеттік органдар актілерінің, Бірегей акционері актілерінің және басқа да құжаттарының  нормалары мен талаптарын  сақтау;   

11)  Серіктестіктің және Компанияның жергілікті актілерінің талаптарын  және құпия нормаларын  бұзбай шүбәсіз ақпаратты уақтылы тапсырып тұру;

12) пайдалануындағы мүлікті ұқыпты ұстау мен оның бүлінбеуін қамтамасыз ету, сонымен бірген басқа қызметкерлердің мүлігіне  ұқыпты қарау;

13) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс санитария  талаптарын сақтау;

14) жұмыс орнында жинақылық және ұқыптылық таныту, еңбек міндеттерін атқарған кезде лауазымы бойынша бекітілген ерекшеліктер тағылған формалы киім кию;

15) Серіктестіктің  менеджментің автоматтандырылған жүйесінің \МАЖ\ қызмет процестеріне бекітілген талаптары сәйкес келмеуі жөнінде анықталған барлық оқиғалары  туралы басшылыққа хабарлау;

16) өз қызметін кәсіпорын сапасының аясына сәйкес атқару;

17) өзімен бірге сәйкесті жазбалар енгізілген қызметтік формулярын, қызметтік  куәлігін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау жөнінде емтихан тапсыру  туралы куәлігін алып жүру;

18) Серіктестіктің  абыройы мен беделін арттыруға қолдау жасау;

 19)  ұқыпты және өзіне, қарамағындағы жұмыскерлерге талапшыл болу,

20) Серіктестіктің  басқа қызметкерлеріне сыйластықпен қарау, этика нормаларын  сақтау;

21) бекітілген жоспарға сәйкес техникалық сабақтарға қатысу, конспект жазу;

22) кәсіби білімін жетілдіру, еңбек міндеттерін орындауда бастамашылық және жаңашылдық таныту, озық тәжірибені қолдану, әріптестерге жұмыс процесінде қолдау көрсету;

 23) әріптестері және басшылар жасаған ескертулер мен сынға дұрыс қарау, сонымен бірге келтірген қателерін уақытында мойындай білу;

24)  еңбек міндеттерін орындаған кезде жеке  басының мүддесі мен пайдасы емес, Серіктестіктің мүддесін сақтау;

25) Өзінің жұмысқа деген көзқарасымен  және жеке басының үлгісімен еңбек ұжымында тұрақты әрі жағымды моральдық – психологиялық  жағдай жасау;

 26)  теміржол көлігінің объектілерінен жүк және құнды материал ұрлау  оқиғалары туралы станция бастығына, оперативтік тәртіпте – станция бастығының  оперативтік жұмыс жөніндегі және логистика жөніндегі орынбасарларына дереу хабарлау;

27) қабылданатын шешімінде жеке басының мүддесі бар  мәселелерді  талқылауға  және дауыс беруге  қатыспау;

28) еңбек міндеттерін атқарған кезде жеке басының мүддесін емесғ Серіктестің мүддесін  сақтау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж