Бас бухгалтерия материалдық тобының есепшісі (21.10.2024 ж. No 16-01-10/945), Өскемен қ., 1 бірлік.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
60

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Материалдық топ бухгалтері: 1.Тапсырылған бастапқы құжаттарды жүргізу негізінде, қолданыстағы «ҮМЗ» АҚ корпоративтік ақпараттық жүйесінде шаруашылық операциялар есебін жүргізумен: - орталық қоймаларға және цех қоймаларына қорларды кіріске алуды; - орталық қоймалардан негізгі және қосалқы өндірістердің цех қоймаларына ішкі қорларды ауыстыруды; - негізгі және қосалқы өндірістердің цех қоймаларынан қорларды өндіріске жіберуді; - қорларды орталық қоймалардан, негізгі және қосалқы өндірістердің цех қоймаларынан сатып алушыларға өткізуді; - негізгі және қосалқы өндірістердің орталық қоймаларынан, цех қоймаларынан қорларды есептен шығаруды; -қосымша шығыстарды ескере отырып тікелей қорларды сатып алуды; - орталық қоймалардың, негізгі және қосалқы өндірістердің цех қоймаларының өтімсіз және талап етілмеген қорларына резервті есептеуді; - материалдық топқа бекітілген сатып алушылардың күмәнді талаптары бойынша резервті есептеумен және есептен шығаруды жүргізеді. 2.Жоғарыда көрсетілген шаруашылық операциялар бойынша бастапқы құжаттарды уақтылы және сапалы өңдейді. 3.Жоғарыда көрсетілген шаруашылық операциялар бойынша көрсету үшін берілетін бастапқы құжаттардың дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асырады. 4.Материалдық топтың шаруашылық операциялары бойынша туындайтын сатып алушылар мен жеткізушілер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерді талдауға қатысады. 5.Бухгалтерлік есеп деректері негізінде бухгалтерлік және салық есептілігін жасау үшін белгіленген мерзімде дұрыс мәліметтерді ұсынады. 6.Негізгі және қосалқы өндірістердің орталық қоймаларының, цех қоймаларының материалдық-жауапты тұлғаларымен қорлар қозғалысының айналым ведомостарын салыстыруды жүзеге асырады. 7. Негізгі және қосалқы өндірістердің орталық қоймаларында, цех қоймаларында қорларды түгендеуді жүргізуге қатысады. Түгендеу нәтижелерін өңдейді. 8. Негізгі және қосалқы өндірістердің орталық қоймаларында, цех қоймаларында қорлардың нақты болуына бақылау-іріктеп тексеру жүргізеді. 9. «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінің материалдық-жауапты тұлғаларымен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттардың уақытылы рәсімделуін бақылайды. 10.Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа тапсыру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес рәсімдейді. 11. И 16.0001 «Тауарлық-материалдық қорларды алу құқығына сенімхаттарды ресімдеу, есепке алу және беру тәртібі» талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 12. Бастапқы құжаттарды тапсыру кестесін сақтайды және «ҮМЗ» АҚ қызметкерлерінің осы кестені сақтауын бақылайды.

Білім:

Жоғары экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық

Дағдылар:

ДК, ұйымдастыру техникасын пайдаланушы деңгейінде білу: «ҮМЗ» АҚ-да қолданылатын есептік-ақпараттық жүйеде жұмыс істей білу

Қосымша:

Еңбек шарттың мерзімі/ауысу мерзімі: - белгіленбеген мерзімге; -1 жылдан кем емес белгілі бір мерзімге (1 жыл) Еңбек жағдайларының сипаттамасы - қалыпты еңбек жағдайлары. Жұмыс режимі және демалыс: - 5 күндізгі жұмыс аптасы кезінде - 8.00 бастап 17.00 дейін , демалыс күндері сенбі, жексенбі. Болжамды еңбек ақы мөлшері: 206 555 теңгеден бастап 361 266 теңгеге дейін Тағылымдама - белгіленбейді

Білетін тілдер:

-