"ҚТЖ-Қостанай Жүк тасымалы бөлімшесі" ЖШС филиалының IV класты Сурган станциясының бастығы

308395 - 321873
НОД-2 (Костанайское отделение ГП) Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
450

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері
  • Компания бекіткен жұмыстың техникалық және технологиялық регламенттеріне сәйкес станциялардың қызметін басқарады және ұйымдастырады, станцияның орынбасарларының, бас инженерінің, инженерлік-техникалық қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді, жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуына дербес жауапты болады;
  • Станцияда салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды; Еңбек ұжымында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға тұрақты мониторинг, талдау және іске асыру жүргізеді; Әлеуметтік шиеленістің ықтимал тәуекелдері туралы басшылықты жедел хабардар етеді;
  • Станция жұмысының сапалық және сандық көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Станция қызметкерлерінің еңбек және демалыс режимінің сақталуына, демалыстардың берілуіне, мерзімді және ауысым алдындағы медициналық тексерулерден өтуіне бақылауды жүзеге асырады; Негізгі көрсеткіштердің (KPI) орындалуын қамтамасыз етеді, негізгі көрсеткіштердің (KPI) орындалуы туралы есепті деректерді (ай сайын)БП бөлімшесіне жібереді;
  • Пойыздарды қабылдау және жөнелту, құрамдарды қалыптастыру және тарату, вагондарды жинау және оларды тиеу-түсіру майдандарына беру, өлшеу жөніндегі станцияның жұмысын ұйымдастырады; Іргелес құрылымдық кәсіпорындармен, жүк жөнелтушілермен, жүк алушылармен жүктерді тасымалдауды үздіксіз қамтамасыз ету, Вагондарды жүк майдандарына беру, жинау мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимылды жүзеге асырады; Қысқы жағдайларда және су тасқыны кезеңінде жұмысқа дайындық жөніндегі іс-шараларды әзірлейді, олардың өткізілуін бақылайды (жыл сайын); Станцияның тұрақты жұмысын, қозғалыс қауіпсіздігін, еңбекті қорғауды, тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін шешу және әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу үшін (апта сайын дүйсенбі күндері, хаттаманы ресімдей отырып)станция аумағында өз қызметін жүзеге асыратын компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері, филиалы өкілдерінің қатысуымен "станция бастығы күнін" ұйымдастырады және өткізеді;
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік) Мамандығы: теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде 4,5 сыныпты станция бойынша кезекші лауазымында кемінде 3 жыл
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл, оның ішінде 4,5 сыныпты станция бойынша кезекші лауазымында кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр