Ақпараттық технологиялар департаментінің жоба менеджері (аутстаффинг)
ЖШС «QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Серверлерді басқару және қызмет көрсету.
- Серверлердің жұмыс қабілетін мониторингтеу, ақауларды жедел жою және істен шыққан компоненттерді ауыстыру.
- Деректердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету, резервтік көшірмелер жасау және деректерді ақаулардан кейін қалпына келтіру процестерін басқару.
- Желілік жабдықты баптау және қолдау.
- DHCP, DNS баптау және желінің дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін желілік қызметтерді басқару.
- Компания қызметкерлеріне техникалық қолдау көрсету, соның ішінде жүйелер мен бағдарламалар бойынша кеңес беру.
- Active Directory арқылы домендер мен есептік жазбаларды басқару, қолжетімділік құқықтарын және қауіпсіздік саясатын баптау.
- Пошталық серверлерді әкімшілендіру және электрондық поштаны баптау мен пайдалану бойынша пайдаланушыларды қолдау.
- Деректер базаларын орнату, баптау және оңтайландыру.
- Антивирустық шешімдерді басқару және деректерді қорғау және кибершабуылдардың алдын алу үшін қорғаныс құралдарын баптау.
- Веб-қосымшалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және оларды басқа жүйелермен интеграциялауды қолдау.
- IT-инфрақұрылымды жаңғыртуға байланысты IT-жобаларды жоспарлау және іске асыруға қатысу.
Талаптар:
- Ақпараттық жүйелер, есептеу техникасының бағдарламалық қамтамасыз етуі және автоматтандырылған жүйелер саласында жоғары техникалық білім. IT-әкімшілендіру бойынша қосымша сертификаттар мен курстар (мысалы, Microsoft MCSA, H3C Certified Network Engineer, LPIC-1) артықшылық болып саналады.
- Кәсіби саладағы жұмыс өтілі - Серверлік жабдық пен ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру саласында кемінде 3 жылдық тәжірибе, соның ішінде ірі компанияларда желілік және серверлік инфрақұрылымды басқару.
- СҰлттық және/немесе халықаралық компанияларда және / немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда бейін бойынша жұмыс өтілі - Серверлерді, СХД, виртуализация жүйелерін және желілік жабдықты әкімшілендіру міндеттерімен байланысты лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
Білім және дағдылар:
- Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы.
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері.
- Серіктестіктің қызметіне қатысты мемлекеттік органдардың шешімдері.
- Техникалық құжаттаманы және бағдарламалық өнімдерді әзірлеу мен рәсімдеу тәртібі.
- Серверлік жабдықты әкімшілендіру: HPE, IBM, Huawei және Dell серверлерімен жұмыс тәжірибесі.
- Виртуализация жүйелері: VMware және MS Hyper-V виртуалды орта басқару дағдылары.
- Серверлерді әкімшілендіру: серверлік ОЖ басқару (Windows Server 2003-2022, FreeBSD, Debian, CentOS).
- Деректер базасын әкімшілендіру: MS SQL, PostgreSQL, MySQL жүйелерімен жұмыс тәжірибесі.
- Желілік әкімшілендіру: желілік жабдықты баптау және басқару (Palo Alto, FortiGate, Cisco, Check Point, Juniper).
- Деректерді сақтау жүйелері (СХД): HPE MSA, Alletra, 3Par, XP, EVA әкімшілендіру
- IT-инфрақұрылымын қолдау және мониторинг: ақпараттық жүйелер мен желілік инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
- Қызметтерді әкімшілендіру және баптау: OpenVPN, Apache, Nginx, HAProxy, DHCP, DNS, IIS.
- Пошталық жүйелер: пошталық серверлерді баптау және басқару (Exchange 2003-2019, Postfix, Exim).
- Корпоративтік желіде антивирустық қорғауды қамтамасыз ету және қауіпсіздік саясаттарын басқару.
- Терминалдық серверлерді басқару үшін Citrix жүйелерімен жұмыс тәжірибесі.
- Серверлік және желілік жабдықты техникалық қызмет көрсету және жаңарту процестерін басқару.
- Корпоративтік коммуникация құралдарын баптау және қолдау (MS Lync, MS SCCM).
- Деректерді резервтік көшіру және қалпына келтіру: резервтік көшірмелер жасау, жүйелерді жаңарту, ақаулықтардан кейін қалпына келтіру.
Шарттар:
- 5 күндік жұмыс кестесі.
- әлеуметтік пакет.
Қажетті қабілеттер
- Администрирование баз данных
- HPE, IBM, Huawei и Dell
- администрирование HPE MSA, Alletra, 3Par, XP, EVA
- OpenVPN, Apache, Nginx, HAProxy, DHCP, DNS, IIS
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташа)
- Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
Жүйе әкімшісі
ТОО QazCloud | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
10.12.2024 | 1290
Виртуализация жүйелерінің әкімшісі
ТОО QazCloud | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
25.11.2024 | 759
Жүйелік басқару бөлімінің бастығы
ТОО QazCloud | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
25.11.2024 | 923