«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Ақмола ЖТ бөлімшесі» филиалының жетекші бухгалтері

от 304812
Станция Нур-Султан Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
190

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • негізгі құралдардың есебін жүргізеді, негізгі құралдардың қозғалысы бойынша деректерді бастапқы құжаттардан САП бағдарламасына уақтылы енгізеді
  • ай сайын бухгалтерлің есеп шоттары бойынша амортизациялық аударымдардың дұрыс есептелуіне бақылау жүпгізеді
  • серіктестіктің бұйрықтары бойынша, сондай-ақ материалдық-жауапты тұлғаларды ауыстырған кезде және құндылықтардың (бұзу, өрт және т б) сақталуына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде тауарлық-материалдық құндылықтарға, негізгі құралдарға, қатаң есептілік бланкілеріне түгендеу жүргізеді
  • НОДГП-1 -де белгіленген мерзімде ФО-11 және салық ФО-14 нысандарының негізгі құралдары боынша ай сайынғы, тоқсандық есептілікті жасайды және тапсырады
  • тоқсан сайын мүлік салығы бойынша есеп айырысуды жасайды, жыл сайын белгіленген мерзімде МВП бойынша көлік құралдарына салықты есептеуді ұсынады
  • ақаулы актілерді, негізгі құралдарды есептен шығаруға өтінімдерді жиынтық кестелерді дайындау бойынша бақылауды жүзеге асырады
  • жеке қажеттіліктері бойынша жеңілдікті жол жүру ьилеттері бойынша деректерді есепке алуды және өңдеуді жүргізеді
  • салық міндеттемелерінің уақтылы орындалуын бақылауды, салықтардың бардық түрлерін, басқа да міндетті алымдар мен төлемдерді (КТС-тан басқа) есепке алуды, салық органдарымен жұмыс істеуді, салықтар бойынша қарсы тексерулер бойынша тізімлімдер жасауды жүргізеду
  • кәсіпорын бухгалтериясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша станция басшылығының, бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығынығ әртүрлі тапсырмалар мен өкімдерін орындайды
  • негізгі құралдарды есепке алу дерекқорларын қалыптастырудың дұрыстығына жауапты

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары 
  • Мамандығы: есеп және аудит, қаржы, экономика
  • Жұмыс тәжірибесі: мамандығы/қызмет бағыты бойынша: мамандығы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, 1-санатты бухгалтер лауазымында 3 жылдан кем емес
Қосымша талаптар:
  • Жақсырақ: кәсіпорынның ерекшелігі мен технологиясы, экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп саласында халықаралық сертификаттардың болуы

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр