«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының «Атырау» ЖПУ хатшысы (Атырау қ.)
«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау қ.- Құрылған күні:
- 05.11.2024
- Берілген өтінім:
- 8
- Қаралған саны:
- 652
Міндеттері:
1) кіріс және шығыс хат-хабарларды қабылдау және тіркеу;
2) арнайы пошта арқылы жөнелтуге құжаттарды қабылдау және оларға жүкқұжаттарды рәсімдеу;
3) арнайы пошта бойынша есеп жүргізу және басқару бойынша ағымдағы ай үшін ақы төлеуге рәсімдеу;
4) басқару қызметтері бойынша бұйрықтар мен өкімдерді тіркеу және тарату;
5) құжаттарды бөгде ұйымдар үшін факс арқылы жіберу;
6) басқару қызметтері үшін автокөлік бөлуге өтінімдерді рәсімдеу;
7) хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау;
8) конференциялар мен кеңестер өткізуді ұйымдастыру;
9) құжаттардың орындалуын бақылау, құжатты бақылауға қою, орындалу барысын реттеу, орындалған құжатты бақылаудан алу, орындалған құжатты іске жіберу, құжаттардың орындалу барысы мен нәтижелерін есепке алу, жинақтау және талдау, басшылықты құжаттардың орындалу жай-күйі туралы хабардар ету;
10) мұрағатқа сақтауға беру үшін құжаттарды рәсімдеу;
11) басқарма басшыларын іссапарға жіберуге арналған қызметтік жазбаларды рәсімдеу.
Талаптары:
- тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
- «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» оқудан өткен куәлік;
- «Өрт-техникалық минимум» оқудан өткен куәлік;
- «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау» оқудан өткен куәлік;
- «Дәрігерге дейінгі көмек (парамедик)» оқудан өткен куәлік;
Шарттары:
қалыпты еңбек жағдайлары, зиянды факторларсыз. 5 күндік жұмыс аптасында 8 сағаттық жұмыс күні. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын рәсімдеу. Медициналық сақтандыру. Оқыту және кәсіби даму. Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік пакет. Кәсіби ұжым; Жұмыс орны: Атырау облысы, Атырау қ., Орал тас жолының 5 км.
Қажетті қабілеттер
- - СЭД «LOTUS;
- умение работать с документами и отчетностью
- ) MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Access, Visio, Outlook, Microsoft
- Владение ПК и офисной техникой
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Қауіпсіздік техникасы
- Басқа