Геология және барлау департаментінің барлау жобаларын басқарудың құрлықтағы жобалар секторының жетекші маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
25

Қаралған саны:
466

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білім:

  • Жоғары кәсіптік білім (техникалық, экономикалық, заңгерлік) лауазымның тиісті бейіні бойынша менеджмент/экономика/ қаржы/МВА/басқа (қалаулы)бойынша магистр дәрежесінің болуы 

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі:

  • Жер қойнауын пайдалану жобаларын басқару саласында кемінде 4 жыл, оның ішінде ҚМГ компаниялар тобында кемінде 3 жыл тәжірибесі бар

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

  • Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы заңнамасы (жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы); "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы"ҚР Заңы саласында;
  • Жобалық менеджмент, мұнай-газ жобаларына қатысты инвестициялық шешімдерді іске асыру саласында;
  • Қазіргі заманғы менеджмент және мұнай-газ жобаларын қаржыландыру саласында;
  • Геология, жер қойнауын пайдалану, кен орындарын игеру және пайдалану, мұнай-газ жобаларын іске асыру мониторингі және талдау саласында;
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, экология, үздік салалық тәжірибелер мен технологиялар саласында;
  • Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулықты қорғаудың және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, орнықты дамудың, ақпараттық қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесі саласында;
  • Еңбек заңнамасы саласында;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі мен ҚМГ ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Мемлекеттік тілді білу (жазбаша және ауызша). 

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Microsoft Project, Excel, Power Point бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, өндірістік және қаржылық құжаттарды талдау және шешім қабылдау қабілеті;
  • Келіссөздер жүргізу, еңбекті ұйымдастыру, командада жұмыс істей білу;
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

  • Өз құзыретіне кіретін мәселелерді қарайды және жобаны іске асыру шеңберінде ұсыныстар дайындайды, жетекшілік ететін барлау ЕТҰ басқару органдарына шығарылатын мәселелерге сараптама жүргізеді, жетекшілік ететін ЕТҰ басқару органдары мен функционалдық комитеттеріндегі ҚМГ өкілдері үшін ұсыныстар әзірлейді; 
  • Орталық, Хвалынское, Урихтау және УОГ жобаларын серіктестермен бірлесіп іске асыруда ҚМГ мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді; 
  • "Центральная Мұнай-газ компаниясы" ЖШҚ, "Каспий мұнай-газ компаниясы"ЖШҚ компанияларын корпоративтік басқаруды ұйымдастырады; 
  • ҚМГ мүдделерін көрсету мақсатында оператордың сатып алу жоспарының орындалуына және тендерлік рәсімдерді өткізу кезінде оператордың бұзушылықтарының болмауына мониторинг (қажет болған жағдайда конкурстарға, сатып алу жөніндегі комиссияларға қатысады) ; 
  • Жетекшілік ететін барлау компанияларының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен жұмыс бағдарламалары талаптарының орындалуына талдау жасайды және мониторинг жүргізеді, қолданыстағы келісімшарттарға толықтырулар, жұмыс бағдарламалары жобаларын дайындайды және оларды қол қою және тіркеу үшін ҚМГ құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдармен келіседі; 
  • Жобалардағы үлесті сатып алу/сату бойынша мәмілені жүзеге асырады (ҚМГ және құзыретті органның басқару органдарына шығарылатын құжаттарды дайындайды, жобалар бойынша серіктестермен келіссөздер жүргізеді және басқа да қажетті корпоративтік рәсімдерді жүзеге асырады);
  • Жетекшілік ететін ЕТҰ қызметінің мәселелерін дайындауды, қарауды және келісуді ұйымдастырады, позицияларды әзірлейді және ҚМГ бейінді комитеттеріне, басқармасы мен Директорлар кеңесіне шығарылатын тиісті корпоративтік шешімдерді дайындайды;
  • Қолданыстағы жобалар бойынша әлеуетті стратегиялық әріптестермен келіссөздер жүргізуде жұмыстарды ұйымдастырады және инвестициялар тарту мақсатында жаңа жобалар бойынша әлеуетті стратегиялық әріптестермен келіссөздер жүргізуге қатысады; 
  • Құрылтай құжаттарын, сондай-ақ оператордың қызметін реттейтін ішкі ережелер мен ережелерді әзірлейді және келіседі;
  • Бизнес-жоспарлардың, өндірістік бағдарламалардың және ЕТҰ/операторлардың жылдық жұмыс бағдарламалары мен бюджеттерінің ұсынылатын жобаларын қарайды және келіседі, тұрақты ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептерді дайындайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр