"KEGOC" ЗАҢ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ШАРТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ (СЫРТҚЫ КОНКУРС)
- Құрылған күні:
- 11.11.2024
- Берілген өтінім:
- 45
- Қаралған саны:
- 738
Лауазымдық міндеттері:
1) "KEGOC" АҚ Басқарма Төрағасы бұйрықтарының, Басқарма Төрағасы мен оның орынбасарларының өкімдерінің жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға хаттар жобаларына құқықтық сараптама дайындайды және жүргізеді;
3) тендерлік құжаттамаға, тендерлердің нәтижелері бойынша жасалатын шарттардың жобаларына, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдеріне, тендерлердің қорытындылары туралы хаттамаларға, сондай-ақ осындай сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын материалдарға құқықтық сараптама жүргізеді;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын түсіндіру жөнінде мемлекеттік органдарға сұрау салулар дайындайды;
5) "KEGOC" АҚ басшылығына қол қоюға ұсынылатын құқықтық сипаттағы құжаттардың "KEGOC"АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына және заңды мүдделеріне сәйкестігі туралы қорытындылар дайындайды;
6) ішкі нормативтік және ұйымдастырушылық құжаттар жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;
7) "KEGOC" АҚ қызметкерлеріне "KEGOC"АҚ қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша консультациялар, қорытындылар мен анықтамалар береді;
8) "KEGOC" АҚ басшылығының тапсырмасы бойынша басқа мамандардың қатысуымен орындаушылық, еңбек тәртібін бұзу фактілері, "KEGOC" АҚ келтірген материалдық залалдың орнын толтыру туралы материалдарды тексеруді, дайындауды жүзеге асырады, "KEGOC"АҚ басшыларының бұйрығына сәйкес түрлі комиссиялардың жұмысына қатысады;
9) "KEGOC"АҚ қызметін реттейтін мәселелер бойынша ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады;
10) шарттардың, келісімшарттардың, келісімдердің жобаларын қарайды немесе дайындайды, олар бойынша қорытындылар береді, олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкестігін тексереді, оларға бұрыштама қояды, "KEGOC" АҚ басқа құрылымдық бөлімшелерімен үйлестіре отырып, барлық құжаттарға заң сараптамасын жүзеге асырады және келісімшарттардың орындалуын бақылауға жәрдемдеседі;
11) заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі уәкілетті орган құратын жұмыс топтарына қатысады;
* Қосымша міндеттер:
12) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, бағалы қағаздар және зияткерлік меншік саласындағы заңнамаға мониторингті жүзеге асырады.
Талаптар:
* Жоғары, бағыты бойынша: Құқықтану
* Құқықтану саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл
* Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн
* MS office қуатты пайдаланушысы
* Қазақ, орыс ағылшын (жақсырақ) тілдерін білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
* Командада жұмыс істеу дағдылары.
* Негізгі заңнамалық актілерді білу, оларды түсіндіре білу және практикада қолдану.
* Құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау.
* Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттыру, заңнаманы және оны қолдану практикасын зерделеу.
* Жеке еңбекті ұйымдастыру және жұмыс уақытын жоспарлау.
* Байланыс құралдарына иелік ету.
* Ақпаратпен және құжаттармен жұмыс істеудің заманауи құралдарын, әдістері мен технологияларын меңгеру.
* Электрондық құжат айналымы жүйесінде жұмыс істеу дағдылары (IBM Lotus Notes).
Түйіндемені қабылдау 2024 жылғы 13 қарашаға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Қажетті қабілеттер
- юристконсульт