Қауіпсіздік департаменті ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің ақпараттық қауіпсіздік аудиті жөніндегі менеджері
Лауазымдық міндеттері:
1) Осалдықтарды басқару:
- «KEGOC» АҚ-ның технологиялық және корпоративтік секторларындағы осалдықтарды анықтайды;
- осалдықтарды жою жөніндегі жоспарды талдайды, әзірлейді, келіседі және бекітеді;
2) АҚ бақылау іс-шараларын әзірлеуді/енгізуді үйлестіру:
- АҚ бақылау іс-шараларының жоспарларын әзірлейді, келіседі;
3) АҚ бақылау іс-шараларының орындалу тиімділігін тексеруді жүзеге асыру:
- АҚ бақылау іс шараларына тексеру жүргізеді;
- АҚ бақылау іс шараларын тексеру туралы есеп әзірлейді;
- экономикалық қызмет түрі бойынша ақпаратты қорғау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының орындалуын тексеруді жүзеге асырады.
4) АҚ жүйелерін сүйемелдеу:
- «KEGOC» АҚ-да АҚ-ны қамтамасыз етудің ақпараттық жүйелерін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
- АЖ жұмысына мониторингті жүзеге асырады;
- АҚ саясатын, ережелер параметрлерін, сканерлеу әдістерін, есептерді және т.б. әзірлейді.
5) Қауіпсіздікті бағалау:
- ақпаратты бақылау және қорғау үшін қолданылатын қолданыстағы әдістер мен құралдарды талдайды;
- оларды жетілдіру және осы қорғаудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- қорғау объектілерін тексеруге, оларды аттестаттауға және санаттауға қатысады;
- АЖ қорғалу деңгейін бағалауды жүргізеді;
- сыртқы периметр мен желілік элементтердің тұрақтылығын тексереді;
- мерзімді аспаптық аудит жүргізеді;
- АҚ-ның ISO 27001 талаптарына сәйкестігіне мерзімді ішкі аудит жүргізеді.
- «KEGOC» АҚ корпоративтік сегментінде АҚ қамтамасыз ету бойынша іс шараларды орындайды;
- пайдаланушылардың өкілеттіктерінің аражігін ажыратуды және ақпараттық ресурстарға қол жеткізу тәртібін белгілейді;
- «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің АҚ-ны қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар тізбесіне сәйкес жұмыстарды орындауын бақылауды жүзеге асырады, штаттан тыс жағдайлардың есебін жүргізеді;
- ақпаратты өңдеудің белгіленген технологиясы сақталмаған және АҚ талаптары орындалмаған кезде жұмыстарды тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- ақпаратты қорғаудың технологиялық шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- сақтық көшірме жасауды бақылайды және мониторинг жүргізеді;
6) Басқа міндеттер:
- АҚ бақылау және қамтамасыз ету жөніндегі іс шаралар бағдарламалары мен перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларының тиісті бөлімдеріне енгізу үшін ұсыныстарды әзірлеуді және уақтылы ұсынуды ұйымдастырады;
- сыртқы аудиттерден және өзге де тексерулерден, оның ішінде мемлекеттік тексерулерден сәтті өту үшін қажетті іс-шараларды іске асырады.
- «KEGOC» АҚ басшылығының нұсқауы бойынша қызметтік іссапарларға шығады, қызметтік тергеулер жүргізуге қатысады.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылары, білімі және тәжірибесі:
- Командалық дағдылар, көшбасшылық және коммуникативтілік, ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында консенсус табу және сындарлы диалог жүргізу;
- АҚ мәселелері бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен, нормативтік құжаттармен және техникалық құжаттамамен жұмыс істей білу;
- Жедел шешімдерді өз бетінше қабылдау және олардың нәтижесі үшін жауапкершілік алу қабілеті;
- Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этиканың басқа принциптерін қатаң сақтау).
- «KEGOC» АҚ бизнесі мен қызметін түсіну.
- Мамандандырылған кәсіби дағдылар мен білім:
- АҚ құжаттарын әзірлеу және енгізу тәжірибесі;
- АҚ аудитін жүргізу тәжірибесі;
- АҚ бойынша халықаралық стандарттарды білу, ISO 27000;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және АҚ саласындағы ҚР заңнамасын білу;
- қауіпсіздіктің ақпараттық жүйелерімен (бұдан әрі - АЖ) жұмыс тәжірибесі осалдық сканері, антивирустық бағдарламалық жасақтама және т.б.;
- желіні сканерлеу тәжірибесі;
- рұқсатсыз ену сынақтарын өткізу дағдылары;
- желі жұмысын, құрылысы және архитектурасының принциптерін, стандартты желілік хаттамаларды білу;
- әлеуметтік инженерияның негізгі әдістерін білу;
- фишингтік шабуылдардың принциптері мен негізгі әдістерін түсіну;
- шабуылдардың векторларын кейіннен болжай отырып, АҚ саласындағы қауіптер мен қарсы іс-қимыл құралдарының дамуының қазіргі заманғы үрдістерін мониторингтеу дағдылары.
Талаптар:
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар / Автоматтандыру және басқару / Ақпараттық қауіпсіздік / Ақпараттық жүйелер / Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету / ақпараттық қауіпсіздік жүйелері бейіні бойынша жоғары білім;
- Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 4 жыл;
- Келесі сертификаттардың болғаны дұрыс:
- ақпараттық қауіпсіздік аудиті;
- және АҚ саласындағы басқа сертификаттар;
- қазақ, орыс, ағылшын (elementary) тілдерін білу.
Түйіндемелер 2024 жылғы 17 қарашаға дейін (қоса алғанда) қабылданатын болады.
Қажетті қабілеттер
- - Информационная безопасность