Жедел ахуал орталығы Менеджер

«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
29

Қаралған саны:
1139

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Бейне мониторингі арқылы «Қазпошта» АҚ филиалдарының және оның ведомстволық құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс процестеріне бақылау жасау.
    Ақпараттық мониторинг жүйесі арқылы қызмет көрсету сапасының көрсеткіштері, поштаны жіберу мерзімдерінің сақталуы және еңбек өнімділігі талданады.
    Клиенттің байланыс орталығына берген өтінішін  жедел шешу үшін тұтынушылардың пошта қызметтерінің көрсетілуіне қанағаттанбау себептеріне және қоятын талаптарына талдау жасау, байланыс орталығының операторы қоңырауды жедел ахуал орталығына жолдаған жағдайда белгілі бір құрылымдық бөлімшенің басшысы мен клиент арасында конференц-қоңырау ұйымдастырады, олардың талаптарын талдайды және қанағаттануын бағалайды (кері байланыс).
    «Құпия сатып алушы» әдісін пайдаланумен зерттеу ұйымдастыру және жүргізуді қоса алғанда, Қоғам қызметтерін тұтынушылардың талаптарын, үміттерін және қанағаттану дәрежесін анықтау.
    Бизнес-процестерді оңтайландыру және жетілдіру бойынша филиалдар мен оның бағынысты құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру туралы ұсыныстар жасайды.
    Алға қойылған міндеттер шеңберінде, жоспарланбаған немесе стандартты емес жағдайлар туындаған, ақпараттық ресурстар жұмыс істемей қалған кездерде филиалдар мен ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жалпы жұмыс тәртібінде түзетеді.

Талаптар:

  • Экономика және/немесе қаржы және/немесе құқықтану және/немесе маркетинг және/немесе байланыс және/немесе техникалық ғылымдар және технологиялар және/немесе гуманитарлық ғылымдар бейіні бойынша жоғары білім
  • Байланыс саласында және/немесе клиенттермен және/немесе Call-center/байланыс орталығында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14: 30-ға дейін