Аймақтық пеоздар қозғалысын басқару орталығының бөлімше кезекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1.Оңтүстік-шығыс аймақта пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
2.Оңтүстiк-шығыс өңiрiнде жолаушылар және жүк (тұрақты) пойыздардың қозғалыс кестесiне сәйкес қозғалысын ұйымдастыру;
3.Оңтүстік-шығыс аймақта, вокзалдарда, тораптар мен учаскелерде пойыз жұмысын жедел жоспарлауды жүргізу тәуліктік ауысымдық жұмыс жоспарын нақты орындау және көрші бөлімшелерден және қосу пунктерінен пойыздар мен локомотивтердің жақындауы туралы ақпараттар;
4.Нормативтік тапсырмалардың орындалуына, жергілікті жүктердің уақытылы жеткізілуіне және берілуіне, сұраныстар бойынша вагондармен қамтамасыз етілуіне, бос вагондарды реттеуге, локомотив паркін ұтымды пайдалануға жауапты;
5.Пойыздарды қалыптастыру жоспарының орындалуын бақылау;
6.Өз аймағындағы локомотивтерді техникалық жабдықтарға ағымдағы жөндеу және қосу бойынша жөндеу-құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін учаскелер мен станцияларда технологиялық терезелерді беру кезінде пойыз диспетчерінің жұмысын бақылайды;
7.Пойыз және жүк жұмыстары туралы РЦУП басшылығын хабардар ету, көршілес бөлімшелермен пойыздар қозғалысын жедел басқару мәселелерін үйлестіру, РЦУП басшыларының жедел бұйрықтарын, нұсқаулары мен тапсырмаларын орындау, сондай-ақ тікелей ұйымдастыруға қатысты басқа да мәселелерді шешу;
8.Оңтүстік-шығыс өңірінің диспетчерлік аппаратының жұмысын ұйымдастыру, тәуліктік ауысым жоспарын орындау:
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық).
- Мамандығы: «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және пайдалану (темір жол көлігі)».
- Жұмыс өтілі: жоғары білімі барлар, пойыз диспетчері лауазымында кемінде 3 жыл, орта техникалық білімі барлар, мамандығы бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде пойыз диспетчері лауазымында 2 жылдан кем емес болу керек.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж