«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы (НОД-8) Жамбыл пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ-31) бастығы

от 462448
ТЧЭ-31 Жамбылское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы Тараз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
51

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Жамбыл пайдалану локомотив депосының қызметін белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық және технологиялық жұмыс регламенттеріне сәйкес басқарады және ұйымдастырады;
  • лауазымдар номенклатурасы бойынша өкілеттіктерге сәйкес Серіктестік берген сенімхат негізінде Жамбыл пайдалану локомотив депосының қызметкерлерімен еңбек қатынастары саласында шешімдер қабылдайды;
  • поездық, маневрлік және шаруашылық жұмыстар үшін локомотивтердің үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ локомотивтердің тіркелген паркін техникалық жарамды күйде ұстауды қамтамасыз етеді;
  • өндірістік тапсырмалардың орындалуын, компания мен серіктестік басшылығының тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылайды;
  • локомотив бригадаларының қажетті (белгіленген) санының болуын, олардың іріктелуін, сапалық құрамын, кадрларды санға қойылатын талаптарға, кәсіптік және біліктілік талаптарына сәйкес күтіп-ұстау мен орналастыруды, белгіленген тәртіппен даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды және сынаманы қамтамасыз етеді;
  • депо қызметкерлерінің депоның өндірістік-шаруашылық қызметі мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық, нормативтік-техникалық, жедел-өкімдік құжаттардың және өзге де басшылық құжаттар мен жергілікті актілердің талаптарын сапалы және уақтылы орындауы жөніндегі жұмыстың орындалуын бақылайды:
  • а) локомотивтердің поездық, маневрлік және шаруашылық жұмысы кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігі;
  • б) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, өндірістік санитария;
  • в) кадрлық және әлеуметтік жұмыс;
  • г) депо инфрақұрылымын ұстау, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау;
  • д) экология және метрология;
  • е) персоналды террористік актілердің алдын алуға, төтенше жағдайларға және азаматтық қорғанысқа дайындыққа дайындау;
  • Жамбыл пайдалану локомотив депосында өндірістік жарақаттанудың алдын алу, салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар (Вагондар және вагон жасау)
  • Жұмыс тәжірибесі: қызметтің, пайдалану вагон депосының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл, оның ішінде нұсқаушы, шебер, техникалық қызмет көрсету пунктінің бастығы лауазымдарында кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)

Ұқсас вакансиялар

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы (НОД-8) Жамбыл пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ-31) Электровоз машинисінің көмекшісі
ТЧЭ-31 Жамбылское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы | Еңбекпен толық қамтылу | Тараз қ.
19.11.2024 |  81
109573 - 236931
агондарды тексеруші жөндеуші (Вагон паркінің сақталуы бойынша) "ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС ІЖҚ-30 Сарыағаш станциясының (шекара станциясы) Арыс пайдалану вагон депосы НОД-9 (БП Шымкент бөлімшесі) техникалық қызмет көрсету пункті
ВЧД-30 Арыс | Еңбекпен толық қамтылу | Түркістан облысы
19.11.2024 |  46
232966 - 245650
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы Қарағанды пайдалану локомотив депосының жүк қозғалысының тепловоз машинисінің көмекшісі
ТЧЭ-14 Карагандинское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы | Еңбекпен толық қамтылу | Қарағанды қ.
19.11.2024 |  50
236931 - 236931